Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КӨКСУ АУДАНЫНДА 3 АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ

16.01.2025
КҮНДЕРЕК
КӨКСУ АУДАНЫНДА 3 АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Заман дамып, полиция қанша қырағы болған сайын қылмыстың түрі көбейіп кетті. Тіпті адам баласының қиялы жете бермейтін қылмыс түрлері пайда болуда. Қылмыстың алдын алу, ашу бойынша Көксу ауданында қандай шаралар атқарылды? Мақалаға зер салайық.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өңірде қылмыс саны 2023 жылмен салыстырғанда 200-ден 168-ге төмендеген. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 82,8% пайызды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда жоғарылап тұр. Оның бір себебі аудандағы үш ауыл Жарлыөзек, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Кеңарал, Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Жетіжал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартқан. Соңғы бес жылда осы үш ауылда ешқандай қылмыс тіркелмепті.

– Үлгілі ауылдардың қатарында тұрған 3 ауылда да спирттік ішімдік сатылмайды. Соның нәтижесінде ол жақта бірде бір қылмыстық іс тіркелмеді. Мұндағы жастардың басым бөлігі спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрған, – дейді Көксу ауданы полиция бөлімінің  бастығы, полиция майоры Ернар Қалтаев.

Әйтсе де, ауданда алаяқтықтың алдын алу мүмкін болмай тұр. Цифрлық технология дамыған сайын, қылмыс та түрленіп барады. Полиция қызметкерлері кейінгі кезде елді қарусыз тонап жүргендер көбейіп кеткенін айтып шырылдауда. Ауданда бұл қылмыстың түрі 31-ден 58-ге дейін жеткен. 

Жұртшылықты алаңдатып отырған  қылмыс түрі – мал ұрлығы. Жыл қорытындысы бойынша бұл қылмыстың саны азайыпты.

– Талдау жүргізу барысында мал ұрлығы көбінесе жайылымнан кетіп жатыр, арызданушылар дер кезінде полиция бөліміне жүгінбегендіктен малдарды тез арада  табуға және қылмысты дер кезінде ашуға қиындық туғызады, – дейді полиция бөлімінің бастығы.  

Мал ұрлығын алдын-алу мақсатында, Көксу ауданының аумағында 11 тұрақ бекітіліпті. Атап айтқанда, Балпық би, Айнабұлақ, Алғабас, Мұқыры, Лабасы, Еңбекші, Жарлыөзек, Мұқаншы, Мұсабек ауылдық округтерінде және отгондық учаскеслерінде орналасқан. Олар бойынша ауылдық округтердінің әкімдері және шаруа қожалықтың иелері арасында меморандум әзірленген. Қараусыз жүрген малдардың иелеріне 2024 жылы барлығы 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мал иелеріне барлық дерек бойынша айыппұл салынған. Көксу ауданы бойынша барлығы 417 жеке шаруа қожалығы бар. Учаскелік полиция инспекторларына өздеріне бекітілген аумақтарында жеке шаруа қожалықтарын, қыстаулармен жайылымдарды аралап, қараусыз жүрген мал иелеріне малдарды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 12 айында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.

Заман ағымын зулаған көлік құралынсыз елестету әсте мүмкін емес. Бірақ кейінгі кезде сол темір тұлпардың салдарынан жол апаты жиілеп барады. Көксу ауданында былтыр 64 жол көлік апаты орын алды. Салдарынан 15  адам қайтыс болса, 119 адам жарақат алды. Былтыр 2960 жол ережелесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 28 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қайғылы жағдайды азайту үшін заң бұзушылықтарды анықтайтын бейнебақылау камералар көбейтіліп, заң күшейтіліп жатыр. Десе де темір тұлпар тізгіндеген әр адам өзінің және өзгенің өміріне жауапты екенін жадынан шығармағаны абзал.

Айдар ҚАЛИЕВ
Фото: ЖИ-ға тапсырыс берген 7-su.kz

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.