Талдықорған: +20°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

27.04.2026
КҮНДЕРЕК
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Үкімет баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, –  деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Кеңес барысында жазғы демалыс маусымына дайындық барысы, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, медициналық қызмет көрсету және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Аида Балаева балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру – басым міндеттердің бірі екенін атап өтіп, бұл бағытта барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктерінің үйлесімді жұмысы қажет екенін айтты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл жазғы демалыс іс-шараларымен 3,2 млн бала қамтылады. Бұл елдегі оқушылардың жалпы санының 86,2 пайызын құрайды. Жаз мезгілінде балалардың демалысы 20 жыл бойы жұмыс істейтін орталықта, 179 маусымдық лагерьде, сондай-ақ мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанындағы 10 894 алаңда ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, балалар сауықтыру орталықтарын лицензиялау тәртібі жаңартылды. Енді лицензиялар меншік түріне қарамастан «Электрондық үкімет» порталы арқылы 5 жыл мерзімге берілетін болады. Қажетті нормативтік-құқықтық актілерді 1 мамырға дейін аяқтау жоспарланған.

Жиында балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге ерекше назар аударылды. Оқушылардың 97 пайызын түрлі пайдалы қызмет түрлерімен қамту көзделіп отыр. Бұл бағытта шығармашылық, спорттық, туристік, зияткерлік және еңбекке баулу бағдарламалары іске асырылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында балалар лагерьлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта лагерьлерге санитариялық қорытындылар беру процесі басталған. Олардың қызметке дайындық деңгейі негізгі бағалау өлшемі болмақ.

Сонымен бірге алғаш рет лагерьлердегі медициналық қызметті лицензиялау тетігі енгізілмек. Балалармен жұмыс істейтін дәрігерлер мен мейіргерлерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, жаңа тамақтану стандартына сай перспективалық мәзір үлгілері дайындалуда. Бұл жұмыс 10 мамырға дейін аяқталуы тиіс.

Аида Балаева жазғы демалыс қауіпсіз, сапалы әрі танымдық мазмұнға ие болуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, демалыс кезеңі оқу процесінің жалғасы болмауы тиіс, барлық іс-шаралар ойын, қызықты және түсінікті форматта ұйымдастырылуы қажет.

Сонымен қатар өңірлік штабтардың республикалық штабпен тығыз байланыста жұмыс істеуі міндеттелді. Балалардың қауіпсіздігі басты басымдық ретінде белгіленді. Бұл ретте мемлекеттік және жекеменшік лагерьлер бірдей бақылауда болады.

Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, лагерь қызметкерлерінің сапалық құрамына тексеру жүргізеді.

Жиын қорытындысында Аида Балаева жазғы бағдарламаларды сауықтыру, спорттық, мәдени, экологиялық және танымдық бағыттармен толықтыруды, балалар қатысатын іс-шаралардың қауіпсіздігін күшейтуді, тамақтану сапасы мен ауыз суға бақылауды қатаңдатуды, сондай-ақ лагерьлердің санитариялық жағдайын тұрақты қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл сабақтар» экологиялық жобасының элементтерін жазғы бағдарламаларға енгізу міндеті жүктелді.

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.