Талдықорған: +18°C
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісудағы эпидемиологиялық ахуал: Вакцинациялау – өмір талабы

29.04.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісудағы эпидемиологиялық ахуал: Вакцинациялау – өмір талабы

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. «Иммундау апталығы» аясында ұйымдастырылған жиында мамандар екпеден бас тартудың қауіпті салдары мен ұжымдық иммунитеттің жай-күйі туралы сөз қозғады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев иммунопрофилактика ұғымына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, вакцинациялау арқылы белгілі бір иммунитетті қалыптастыруға және инфекциялардың халық арасында таралуын болдырмауға бағытталған.

Елімізде вакцинация мәселесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен және Үкіметтің тиісті қаулыларымен қатаң реттеледі. Біз қолданатын вакциналар – туберкулез, В гепатиті, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит және қызылша сияқты аса қауіпті дерттерден қорғайтын сенімді құрал, – деді Асхат Чарапиев.

Спикер өз сөзінде вакцинацияның тарихи жеңістерін мысалға келтірді. Соның ішінде 1977 жылдан бері әлемде шешек ауруының толық жойылғанын, ал Қазақстанның «полиомиелиттен бос ел» мәртебесіне ие болғанын ерекше атап өтті. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтқан департамент басшысы соңғы жылдары кейбір инфекциялардың қайта бас көтергенін тілге тиек етті. Мәселен, 2023 жылы облыста қызылшаның 576 жағдайы тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 727-ге жеткен. Сондай-ақ, көкжөтелдің 177 жағдайы да есепке алынған. Ең өкініштісі, қызылшамен ауырғандардың 80 пайызы бірде-бір екпе алмаған. Ал, көкжөтел жұқтырғандардың 92 пайызы ата-анасы екпе салдырмаған балалар.

Сырқаттанушылардың өсу себебі – ұжымдық иммунитеттің төмендеуі. Халықтың басым бөлігі жеке көзқараспен, діни сеніммен, ал кейбірі әлеуметтік желіге тараған жаңсақ ақпаратқа сеніп, вакцинадан бас тартып отыр. Бұл – өте қауіпті үрдіс, – деген Асхат Чарапиев аурудың өсу себептерін түсіндірді.

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Кульбаева Қазақстандағы вакцинация жүйесінің тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, елімізде 21 инфекцияға қарсы екпе мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Салыстырмалы түрде айтсақ, Африка мен Оңтүстік Американың көптеген елдерінде бұл екпелер ақылы. Спикер балалардың иммунитеті әлсіз кезде егілуі тиіс маңызды екпелерді атап өтті:

  1. Алғашқы 1-4 күн: Туберкулез (БЦЖ) және В гепатиті.
  2. 2, 3, 4 айлығында: Кешенді вакцинация (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, Хиб және пневмококк).
  3. 12-15 айлығында: Қызылша, қызамық, паротит (КПК).
  4. 11 жаста: Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация (қыздар үшін жатыр мойны обырының алдын алу).

Мамандар екпеден бас тартудың нақты медициналық салдарын тізбектеп берді. Мәселен, қызылша – соқырлыққа, кереңдікке және мидың қабынуына әкелсе, дифтерия – жүрек пен бүйректі зақымдайды. Ал, сіреспе бұлшықеттердің ауыр құрысуы мен сүйектің сынуына әкеледі.

Вакцинацияланбаған бала тек өзін ғана емес, айналасындағы адамдарды да қауіпке тігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, иммундау жыл сайын әлемде 3,5 миллионнан 5 миллионға дейін адам өмірін аман сақтап қалады, – деп атап өтті Сымбат Кульбаева.

Бүгінде Жетісу облысында жыл сайын 40 мыңнан астам бала иммундаумен қамтылады. Алайда, жыл сайын 500-ге жуық бала түрлі себеппен екпе алмай қалады. Мамандар ата-аналарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Вакцина туралы толық және сенімді ақпаратты egu.kz сайтынан алуға немесе 7701 жедел желі телефонына хабарласып, білікті мамандардан кеңес алуға болады.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

29.04.2026
Олжас Бектенов Air Products өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылады

Олжас Бектенов Air Products өкілдерімен бірлескен жобаларды талқылады

29.04.2026
Ағашты жердің ырысы мол

Ағашты жердің ырысы мол

29.04.2026
Ринат Зайыт мұғалімдердің мәселесін Мәжілісте көтерді

Ринат Зайыт мұғалімдердің мәселесін Мәжілісте көтерді

29.04.2026
Жетісудағы эпидемиологиялық ахуал: Вакцинациялау – өмір талабы

Жетісудағы эпидемиологиялық ахуал: Вакцинациялау – өмір талабы

29.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.