Талдықорған: +17°C
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13.05.2026
КҮНДЕРЕК
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталықтың кезекті отырысын өткізді. Онда өңірлерде тиісті Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысы, волонтерлік қозғалысты қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту жайы қаралды.

– Баршаңызға мәлім, «Таза Қазақстан» ұғымы жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының біріне айналды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген қамқорлық құндылықтары басым міндеттер ретінде айқындалып отыр. Бұған дейін бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық саясатты жүзеге асырудың негізгі буыны ретінде жергілікті атқарушы органдарға маңызды рөл жүктелген, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының ақпараты бойынша мегаполисте экологиялық акцияларға 146 мың адам қатысқан. 126 жерде 7 жалпықалалық сенбілік өткізіліп, 18 мың текше метр қалдық шығарылған. Биылғы сәуір айынан бастап қалада санитарлық күтімнің «Бір аудан – қасбеттен қасбетке дейін бір мердігер» атты жаңа моделі енгізілді. Бұл тәсіл аумақты жинау, қадағалау сапасын және тұрғындардың өтініштеріне жауап берудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Көгалдандыру аясында 1,4 млн-нан астам жасыл желек отырғызылды. Қаланың сәндік-гүлді безендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылдан бастап гүлмен көгалдандыру алаңы екі есеге, яғни 450 мың шаршы метрге ұлғайтылды. Сонымен қатар, биыл экологиялық тәжірибелер мен қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттайтын алғашқы мобильді экотрак іске қосылды. Экотрак спорттық және мәдени іс-шараларда белсенді қолданылып, қатысушылар мен қонақтарды экологиялық бастамаларға тартуға ықпал етеді.

Алматы облысында экологиялық іс-шараларға 271 мыңнан астам адам қатысып, 98,1 мың ағаш отырғызылды, 6,4 мың тонна қалдық жиналды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Барыс» және «Көшпенділер» экопарктерінің жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қарасай ауданында қуаты 450 мың тонна болатын Kaz Waste Conversion қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Freedom Holding компаниясымен бірлесіп туристік инфрақұрылымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: Қонаев қаласында ұзындығы 1 шақырым жағажай жаңартылды, коммуналдық жағажайларда да жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ Кеген ауданының «Көлсай көлдері» табиғи паркінің, Райымбек ауданының «Тас Төбе» жотасының, «Тұзкөл» көлінің және Қаскелең өзенінің бойындағы аумақтарды абаттандыру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысында 200 мың ағаш отырғызылды, 395 бейнебақылау камерасы орнатылды, 1482 көппәтерлі үйде суды есепке алу құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, 26 шақырым веложол салынды, ТҚҚ қабылдайтын 300 фандомат және электромобильдерді зарядтауға арналған 8 станса орнатылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 2025 жылы демеушілер есебінен 13 саябақ пен гүлзар салынғанын, биыл тағы 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын баяндады.

Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айқындау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 5 негізгі көрсеткіш аясында «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша өңірлердің пилоттық рейтингін жасады. Онда халықты ТҚҚ жинау және әкету қызметімен қамту деңгейі, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі, ТҚҚ полигондарының үлесі, халықты экологиялық акциялармен қамту үлесі және TazaQazBot жүйесі арқылы түскен өтінімдердің орындалу деңгейі ескерілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық өңір әкімдіктеріне Президент бастамасын жүзеге асыру тиімділігін арттырып, әрбір бағыт бойынша көрсеткіштерді жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

«Қанжар ақыннан» қалған мұра

«Қанжар ақыннан» қалған мұра

14.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

13.05.2026
Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: екі зертхана жойылды

Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: екі зертхана жойылды

13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

13.05.2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.