Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

19 мамыр 2026
САЯСАТ
Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

bibliotemryuk.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде азаматтардың аңғалдығы мен мейірімділігін пайдаланатын жаңа алаяқтық схемасы туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл әдіс бұрынғы телефон қоңырауларынан немесе СМС кодтарды сұраудан әлдеқайда қауіпті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі таңда қылмыскерлерге сіздің ақшаңыз немесе құпия сөздеріңіз емес, тікелей биометриялық деректеріңіз қажет. Олар адам көп жиналатын қоғамдық орындарда сыпайы киінген, орта жастағы немесе қарт адамдардың кейпінде пайда болып, көмек сұрайды. Мысалы, «зейнетақымның көлемін тексеріп беріңізші», «мына парақшаны жаба алмай жатырмын» немесе «қосымшам неге істемей тұрғанын қарап беріңізші» деген сияқты өтініштер айтады. Сіз телефонды қолыңызға алған сәтте, оның экранында бейнеқоңырау, экран жазбасы немесе бетті тану функциясы қосылып тұрады. Смартфонның екінші жағында отырған адам сіздің әрбір әрекетіңізді бақылайды.

Алаяқтықтың ең қорқынышты тұсы – жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы биометриялық деректерді заңсыз иемдену. Егер сіз бейтаныс телефонның экранын ұстасаңыз (саусақ ізі), экрандағы сандарды дауыстап оқысаңыз (дауыс ырғағы) немесе камераға тікелей қарасаңыз (бет-әлпет), сіздің негізгі үш биометриялық кілтіңіз ұрланды деген сөз.

Қазіргі заманғы заманауи технологиялар адамның мінсіз сандық клонын жасауға қауқарлы. Осыдан кейін заңсыз әрекеттер былай өрбиді:

  • Кредит рәсімдеу: Сандық клон сіздің атыңыздан онлайн-несиелер мен тұтынушылық қарыздар алады.
  • Шоттарды босату: Банк қосымшаларындағы бет пен дауысты тану жүйесінен автоматты түрде өтіп, шоттағы қаражатты жымқырады.
  • Қарыз жүктеу: Небәрі 30-40 минут ішінде алаяқтар сіздің барлық несиелік лимитіңізді тауысады. Сіз бұл туралы банк желісінен «1 млн теңге несие мақұлданды» деген хабарлама келгенде ғана бір-ақ білесіз.

Мұндай заманауи кибершабуылдардан қорғану және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі маңызды қағидаларды есте сақтау қажет:

  1. Бейтаныс телефонға жоламаңыз: Ешқашан бейтаныс адамдардың телефонын қолыңызға алмаңыз. Экранды баспаңыз, жазуларды дауыстап оқымаңыз. «Тек бір рет баса салыңызшы» деген өтінішке де келіспеңіз.
  2. Беймәлім бейнеқоңырауды өшіріңіз: Телефонға келген белгісіз бейнеқоңырауларды бірден үзіңіз. Камераға қарамаңыз, «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермеуге тырысыңыз.
  3. Ақпаратпен бөлісіңіз: Бұл ескертуді қарт туыстарыңызға, балаларға және айналаңыздағы жақын адамдарға жеткізіңіз. Қазіргі уақытта қылмыскерлер дәл осы мейірімді, жанашыр жандарды аңдып жүр.

«Менің басыма мұндай жағдай түспейді» деп бейжай қарауға болмайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – сіздің қаржылық тұрақтылығыңыздың кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгін, 20:26
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.