Талдықорған: +29°C
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры

21.05.2026
ЖАНСАРАЙ
Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл қоғамда бағыттан жаңылмай, ұстанымынан айнымай өмір сүру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әсіресе, уақыт өзгеріп, құндылықтар құбылған кезеңде адамға ішкі қазық керек. Сол қазық оны қайда жүрсе де, қандай жағдай болса да тура жолдан тайдырмай ұстап тұрады. Біреу үшін ол ар, біреу үшін – жауапкершілік, енді біреу үшін – туған жерге деген адалдық.

Сондай өмірлік қазығын берік қаққан жандардың бірі – Нұрлан Молдахметов. Оның еңбек жолына үңілсеңіз, мамандықты кездейсоқ таңдамағанын бірден аңғарасыз. 1993 жылы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне мемлекеттік инспектор болып келген жас маман үшін бұл қызмет жай жұмыс емес еді. Келген күннен бастап ол табиғаттың тамашасын сезініп, даланың үнін тыңдап, аң мен құстың тіршілігін қорғауды өзінің азаматтық борышы деп қабылдады.

Жылдар өте келе тәжірибе толысты, көзқарас тереңдеді. 2011 жылы орманшылық басшысы қызметіне тағайындалуы кәсіби деңгейінің өскенін көрсетсе, 2022 жылдан бері жедел топтың аға мемлекеттік инспекторы қызметін атқаруы сенім мен жауапкершіліктің қатар жүктелгенін аңғартады. Бұл қызметтің сырт көзге көрінбейтін қиындығы көп. Табиғатты қорғау деген тек қағаз жүзіндегі есептен гөрі күнделікті қауіппен бетпе-бет келу, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою, кейде өз өміріңді тәуекелге тігу екенін ескерген жөн.

Отыз үш жылдан астам уақыт ішінде Нұрлан Қуанышұлы ұлттық парктің әрбір соқпағын, жотасын, аңғары мен өзенін жатқа білді десек, артық емес. Ол үшін бұл жерлер картадағы белгіден бөлек тірі ағза сияқты. Айтуынша, табиғатпен ұзақ жыл жұмыс істеген адам оны сырттай бақыламайды, іштей түсінеді.

– Біз табиғатты қорғау дегенді тек заңмен байланыстырамыз. Бірақ заңнан бұрын ар тұруы керек. Егер адамның ішінде шектеу болмаса, сыртқы ереженің пайдасы шамалы. Мен өзіме, ең алдымен, адам ретінде талап қоямын. Табиғатқа зиян келтірмеу адамдық міндет, – дейді ол.

Ол заңсыз аңшылыққа, табиғатты бүлдіруге қарсы күресте талай мәрте табандылық танытты. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жолында нақты нәтижеге қол жеткізіп келеді.Оның еңбегі елеусіз қалған емес. Биоәртүрлілікті сақтауға қосқан үлесі үшін I дәрежелі төсбелгімен, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Құрмет грамоталармен, сондай-ақ, ұлттық парк мерейтойларына орай берілген Алғыс хаттармен марапатталды. Ол үшін бұл марапаттар жауапкершілікті арттыра түсетін белгі.

– Адамдар табиғатты көбіне пайда көзі ретінде қабылдайды. Бірақ, табиғат адамға қарыз емес. Керісінше, біз оған қарыздармыз. Бір ағашты кесу оңай, оны қайта өсіру үшін ондаған жыл керек. Бір аңды ату бір сәт, ал оның орнын толтыру кейде мүмкін болмайды. Сондықтан біз табиғатты қорғағанда бүгінді емес, ертеңді ойлаймыз, – дейді маман.

Қорықшының бұл сөздері ұзақ жылдық тәжірибеден туған тұжырым. Расында да табиғат қорғау ісі көзге көрінбейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды жұмыс. Егер бүгін табиғатқа немқұрайлы қарасақ, ертең оның зардабын өзіміз тартарымыз анық.

Нұрлан Молдахметов өз міндетін атқарып қана қоймай, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәжірибелі қызметкер. Туристік іс-шараларға, экологиялық жобаларға белсенді қатысып, халықтың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге үлес қосып жүр.

Оның өмір жолына қарап бір нәрсені анық аңғарасыз. Адамның кәсібі мінезін қалыптастырса, мінез оның қоғамдағы орнын айқындайды. Нұрлан Қуанышұлының болмысында байсалдылық, жауапкершілік, табандылық қатар өрілген. Бұл қасиеттер кездейсоқ пайда болмайды, жылдар бойы еңбектің, тәжірибенің, ішкі тәртіптің нәтижесінде қалыптасады.

– Табиғатта көп жүрген адам оның үнін естиді. Бұны көп адам түсіне бермегенімен, дәл солай. Бір жерде тыныштық бұзылса, бір жерде тепе-теңдік өзгерсе оны сезесің. Сол кезде өзіңнің жауапкершілігіңді терең түсінесің. Біз табиғатты қорғап қана емес, сақтап қалуға тырысып жүрміз. Адам: «Мен бұл жолда не үшін жүрмін?» деген сауалға жауап таба алмаса, ұзаққа бармайды. Ал мен үшін оның жауабы баяғыдан анық. Табиғат – маған аманат. Сол аманатқа қиянат жасамау – менің ішкі қазығым, – дейді әріден толғаған Нұрлан Молдахметов.

Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Климат өзгеріп, экологиялық тепе-теңдік бұзылып жатқан кезеңде осындай өз ісіне адал адамдардың еңбегі ерекше маңызға ие. Олар көзге көрінбейтін майданда жүр. Бірақ олардың жұмысының нәтижесін бәріміз күнделікті өмірде сезінеміз.

– Бір жерде тұрақты жұмыс істеу кейбіреуге қызықсыз көрінуі мүмкін. Бірақ сол жерді шын танысаң, жыл сайын жаңа қырынан ашылады. Табиғат та адам секілді. Оны тану үшін уақыт керек. Мен осы жерден өзімді таптым, – дейді кейіпкеріміз.

Нұрлан Молдахметовтың еңбек жолы – табиғатқа деген адалдықтың, мамандыққа деген жауапкершіліктің, адамдық ұстанымның айқын көрінісі. Осындай жандар барда табиғаттың үні өшпейді, даланың тынысы тарылмайды. Ең бастысы, бұл әрқайсымызды ойландырады. «Біздің қазығымыз қайда, нені тірек етіп өмір сүріп жүрміз?» деген сауалға жауап іздеуге жетелейді.

Медет ЖҰМАБАЙ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Кітаптар сөйлеген түн» акциясы ерекше форматта өрбіді

Талдықорғанда «Кітаптар сөйлеген түн» акциясы ерекше форматта өрбіді

21.05.2026
Музейдегі мазмұнды мереке

Музейдегі мазмұнды мереке

21.05.2026

21.05.2026
Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры

Алтынемел инспекторы Нұрлан Молдахметовтің аманатқа адал ғұмыры

21.05.2026
Кәсіпкерлер палатасы жергілікті органдардың 163 жобасына сараптама жасады

Кәсіпкерлер палатасы жергілікті органдардың 163 жобасына сараптама жасады

21.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.