Талдықорған: +14°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Толайым инвестиция экономика тірегі

23.05.2026
КҮНДЕРЕК
Толайым инвестиция экономика тірегі
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы жұмыс сапарымен Панфилов ауданына барып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы әуелі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

АГРАРЛЫ АЙМАҚТАҒЫ АЙҚЫН ІСТЕР

Жеке қабылдауға келген Жұмағазы Бейсенбек Ынтымақ ауылына дейінгі кіреберіс жолдың қалып қалған 3,28 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген өтініш білдірді. Облыс әкімі аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталатынын айтты. Жаркент қаласының тұрғыны Зағира Бекмұхаева өзі тұратын көппәтерлі тұрғын үйге блокты-модульдік қазандық орнатып беруді сұрады. Аймақ басшысы тұрғын үйге 1 блокты-модульдік газ қазандығын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғанын, заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілетінін жеткізді.

Халықпен кездесу жиынында сөз алған Бейбіт Өксікбайұлы облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоба-жоспарларды таныстырды.

Облыс құрылғанда меншікті кірістер 76 млрд. теңге болса, биыл 2 есеге өсіп 146 млрд. теңге көлемінде жоспарланды. Бұл осы жылдар аралығында жаңа кәсіпорындардың ашылуы, қызмет көрсету саласының дамуы, жұмыс орындарының құрылуының нәтижесі. Облыстық бюджетіміздің жартысынан астамы әлеуметтік салаға бағытталып келеді. Барлық әлеуметтік міндеттеме толық көлемде орындалуда. Өткен жылы облыстың даму жоспары орындалып, барлық көрсеткішке қол жеткіздік, – деген аймақ басшысы әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады.

Жер жаннаты Жетісу аграрлы, малсақ аймақ. Осыған орай аталмыш салада атқарылған ілкімді іс көп. Мәселен, өткен жылы егін шаруашылығында 1,8 млн. тонна өнім жиналған. Мал басы 2,3 млн.-ға жетіп, 2024 жылғы деңгейден 2 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 483,2 млрд. теңгені құраса, оның ішінде Панфилов ауданының үлесі 62,6 млрд. теңге болған. Жалпы 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, биыл Панфилов және Көксу аудандарында жылдық қуаты 19 мың тонна құс етін өндіретін 2 құс фабрикасының құрылысы басталады. Сонымен қатар, Панфилов ауданында 14 мың гектар жерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша агроиндустриалдық кластер құрылысының жобасы қарастырылуда. Ендігі кезекте облыстағы ірі су пайдаланушының бірі – Панфилов ауданының суару жүйелерін жасау қолға алынады. Оны реконструкциялау үшін 2017 жылы Алматы облысы кезінде құжаттары әзірленіп, аяқсыз қалған. Қазір аталған жоба Жетісу облысының теңгеріміне алыныпты. Енді жобаға түзету жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Панфилов ауданында құрылысы жоспарланған Қорғас, Тышқан Су қоймаларының техникалық-экономикалық негіздемелері дайындалып, мемлекеттік сараптама алынды. Ал Өсек су қоймасының құжаттары маусымда алынып, қаражат бөлу үшін Су ресурстары министрлігіне өтінім беріледі. Сонымен қатар Бейбіт Исабаев жерді нысаналы пайдалану басты назарда екенін жеткізді.

Панфилов ауданы бойынша соңғы 4 жылда 60,3 мың гектар жер қайтарылды. Оның 58,2 мың гектары қайта айналымға қосылды. Қалған 2,1 мың гектар бос тұрған жерді шаруа қожалығымен айналысатын азаматтарға конкурспен 1-шілдеге дейін беруді тапсырамын, – деді облыс әкімі.

ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Еліміздің Қытаймен шекарада орналасқан «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында өнеркәсіптік өндіріс пен көлік логистикасын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүргізілуде. Бүгінде мұнда 65 жоба іске асып, соның негізінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Қазір 40 жоба іске қосылыпты. Ал «Қорғас» ШЫХО аумағында жалпы инвестиция көлемі 189 млрд. теңгені құрайтын 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 8-і толық іске қосылды.

«Арнайы экономикалық аймаққа инвестициялық жобаларды әкелу жұмыстары бұдан да қарқынды жүргізілуі керек», – деген аймақ басшысы аудан әкіміне инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Қорғас торабында электр қуатын пайдалану күрт өскендіктен бүгінде, ауданда электр энергияны тұтыну көлемі жылына 8-10 пайызға артқан. Бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында келесі жылға дейін Талдықорғаннан Жаркент қаласына дейінгі аралықта жоғары кернеулі жаңа электр жүйесін орнату жұмыстары жүргізіледі.

Облыс бойынша жол жөндеу, ауызсу тарту, газдандыру, құрылыс саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, өлкеде республикалық маңызы бар жолдар 100 пайыз жөнделген. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96 пайызға жетеді. Бұл республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Ендігі кезекте жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге көңіл бөлініп, оған биыл 47,5 млрд. теңге қарастырылған. Алдағы жылдары бұл жұмыстар жалғасады. Облыс елді мекендерінің 93 пайызы таза сумен қамтамасыз етілген. Былтыр 4 елді мекен орталықтандырылған ауызсуға қосылды. Оның ішінде Панфилов ауданына қарасты Жиделі ауылы да бар. Биыл 10 елді мекенде жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін 4 елді мекенге ауызсу келеді.

Облыс құрылғанға дейін тек 5 елді мекен газдандырылған еді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023-2025 жылдары газдандыру деңгейі 67 пайызға жетті. Бүгінде Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласына дейінгі 110 елді мекен көгілдір отынға қосылды. Қалған 16 елді мекенді газдандыру жұмыстары биыл аяқталады. 2028 жылы облыста 210 елді мекенге газ тартылып, көгілдір отынға жалпы халықтың 93,8 пайызы қол жеткізе алады. Өткен жылы қомақты қаражат бөлініп, ауданның Ақкент, Нәдек, Ават, Сұптай, Қырыққұдық, Ынтымақ ауылдарына газ тартылды. Дегенмен тұрғындардың 18 пайызы ғана үйлерін газға қосқан. Биыл да жүйелі жұмыс жалғасын табады.

Өз кезегінде сөз алған Марат Рахымбердіұлы еліміздің шығыс қақпасында қоныс тепкен аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жаркент өңірінің даңқы жүгері өсірумен шыққан еді. Қазір де аудан диқандары дәстүрлі дақылды көптеп өсіреді. Аудан әкімінің мәліметінше өткен жылы дәндік жүгері 23,1 мың гектар жерге себіліп, 182 мың тонна өнім алынған. Биыл жүгерінің егіс көлемі 2 мың гектарға артып, 25,1 мың гектар егіліп, одан 190 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде. Осы межеге жету үшін «Кең дала-2», «Агробизнес» бағдарламалары арқылы биыл 18 шаруашылық 321 млн. теңге несие алған. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында биыл өндірілетін өнім көлемін 67,7 млрд. теңгеге жеткізу күтілуде.
– Егіс алқаптары өткен жылдың деңгейінде 43,7 мың гектарға себіледі. Жүгері 25,1 мың гектар, майлы дақылдар 384,3 гектар, бау-бақша 1,4 мың гектар, көпжылдық шөптер 16,5 мың гектар. Оның ішінде бау-бақшада «Жаркент фрукт» серіктестігі 55 мың жаңа көшет егіліп, яғни 500 гектар бағы жаңартылды, – деген аудан әкімі әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ҚАЛАЙ ШЫРАЙЛАНАДЫ?

Басқосу барысында облыс әкімі аудандағы өзекті мәселелерге тоқталып, тұралап тұрған салаларды жандандыру үшін қандай шаралар атқару керектігін айтып, аудан әкіміне нақты тапсырма жүктеді.

Аудан Қытаймен көршілес аймақта орналасып, инвестициялық тұрғыдан аса тартымды өңір бола тұра, өнеркәсіптегі өндіру көлемі жағынан облыстағы үлесі небәрі 9%-ды құрайды. Аудан басшылығына өңдеу саласын арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын. Мал бордақылау алаңдарын, тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, ет комбинаттарын салу, мал өнімдерін және жеміс-жидекті терең өңдеу бойынша инвесторларды әкеліп, өзімізде өндірілетін өнімді толығымен өңдеу керек. Ауданның климаты жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы, әрі ыстық су көздері де бар. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, халықтың маусым аралығында көкөніске қолжетімділігін қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді. Осы орайда, жылыжай шаруашылығын дамыту және жеміс-жидек қоймаларын салу жұмыстарын қолға алу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын, – деген Бейбіт Исабаев аудан әкіміне негізгі атқарылатын жұмыстарды қадап айтты.

Атап айтсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында берілетін жеңілдетілген несиелерді шағын және орта бизнес өкілдеріне берілгенімен кооперативтер ашу жұмысы ақсап тұрғанын айтып, «Жаркент Мешіті», Әулиеағаш, Керімағаш пен «Жаркент-Арасан» шипажайлары сияқты қолайлы жерлерді пайдалана отырып, туризмді дамытуды жүктеді. 2026 жылға белгіленген ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, оның ішінде, салық кірістер базасының толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Біз күнделікті әлеуметтік желіге шығып жатқан материалдарға мониторинг жасап, бақылап отырмыз. Олардың негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитарлық жағдай және аумақты абаттандыру мәселелерімен байланысты. Бірнешеуіне тоқталсам, Жаркент қаласындағы орталық және «Өркен» саябақтарының жай-күйі, стихиялық қоқыс үйінділері және көшелердің санитарлық жағдайы, бағдаршамдардың жұмыс жасамауы және қоғамдық көлік мәселелері, медициналық көмектің сапасы мен медициналық қызметкерлердің жұмысына қатысты шағымдар бар. Кейбір ауылдарда интернет тұрақсыз жұмыс істейді. Аудан халқы барлық қаражат Жаркент қаласының дамуына кетеді деп шағымдануда. Шалғайдағы ауылдарда да облысымыздың халқы тұрады. Оларға да тиісті деңгейде көңіл бөлу қажет – деген Бейбіт Исабаев аудан әкіміне әлеуметтік желілерде шыққан мәселелерге уақытылы мән беріп, оны қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастыруды жүктеді.

Жиын соңында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Айдар ҚАЛИЕВ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жеңімпаз полицейлер құрмет төрінде

Жеңімпаз полицейлер құрмет төрінде

23.05.2026
Тағылымды кеш

Тағылымды кеш

23.05.2026
Бабалар ізін жалғаған Несіп аға

Бабалар ізін жалғаған Несіп аға

23.05.2026
Толайым инвестиция экономика тірегі

Толайым инвестиция экономика тірегі

23.05.2026
Текелі – болашақтың туристік бренді

Текелі – болашақтың туристік бренді

22.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.