«Жетісу» футбол клубы биылғы маусымда Талдықорғандағы Орталық алаңда алғаш рет ойнап, «Атыраумен» 0:0 есебімен тең түсті. Кездесу барысында есеп ашылмағанымен, ойын тартысты өтті.
Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында «Жетісу» биылғы маусымда өз алаңына алғаш оралып, «Атырауды» қабылдады. Оған дейін талдықорғандықтар Алматыдағы «Хан Тәңірі» алаңында ойнаған болатын.
«Атыраумен» болған ойында «Жетісу» командасының ойыншысы Мади Жақыпбаев 2 ескерту қағазын алып 57 минутта алаңнан қуылды (алғашқы сары қағазды 28 минутта алған болатын). Жалпы ойында 4 ескерту қағазы көрсетілді. Жетісулықтардан Мади Жақыпбаев (28 минутта), Адам Адахаджиев (76), Мансұр Бірқұрманов (90+4), ал атыраулықтардан 64 минутта Ринат Жұматов сары қағаз алды.
Дәл қазір турнирлік кестеге көз жүгіртсек «Жетісу» 13 ұпаймен (11 ойын, 3 жеңіс, 4 тең ойын, 4 жеңіліс) 8-орында тұр. «Атырау», «Жеңіс» командаларындада 13 ұпай. Алайда «Жеңіс» әлі 11-турдың ойынын өткізген жоқ.
«Жетісу» футбол клубы келесі ойынын 27 мамырда «Қызылжарға» қарсы сырт алаңда өткізеді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ».





