Талдықорған: +23°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Shagan Fest 2026»: Тау баурайындағы фестиваль

24.05.2026
КҮНДЕРЕК
«Shagan Fest 2026»: Тау баурайындағы фестиваль

Қанат Умиралинов

WhatsAppTelegramFacebook

Жер жәннаты Жетісуда тағы бір тағылымды шара өтті. Қаратаудың қатпарындай қайсар рухты, Алатаудың самалындай сергек мінезді жұрт Көксу өңіріндегі Шаған шыңына қарай ағылды. Биыл ұйымдастырылған «Shagan Fest 2026» таулы фестивалі ел ішіндегі экотуризмді өрістетіп, саламатты өмір салтын ұлықтайтын тағылымы мол шараға айналды.

Теріскей сілемге сұғына орналасқан Ақтекше ауылы маңына таң қылаң бере жиналған жұртшылықтың жүзінен табиғатқа деген махаббат сезілді. Арқасына жолдорба асынып, асу кешуге әзірленген қатысушылар 2551 метр биіктегі Шаған шыңын бетке алды. Бірі – тәжірибелі альпинист, енді бірі –  тауға алғаш қадам басқан жас өрен. Арасында ақ самайлы қариялар мен  балалардың болуы шараның шынайы халықтық сипат алғанын аңғартты.

«Shagan Fest» бүгінгі буынға табиғатпен тілдесудің қадірін ұғындырып, Жер-Анаға жанашырлықпен қарауды дәріптейтін алаңға айналып отыр. Жыл сайын қанатын кеңге жайып келе жатқан фестиваль саяхатшыларды, треккинг әуесқойларын, спортшыларды бір арнаға тоғыстырып келеді.

Қанат Умиралинов

Шыңға бет түзер сәтте жиналған қауымды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады. Ол фестивальдің өңірдегі игі үрдіске айналғанын айтып, жұртты туған өлкенің табиғатын қастерлеуге үндеді.

–  «Shagan Fest» –  тек тау туризмінен бөлек, рух еркіндігін сезінетін тағылымды сапар. Әр белес адамды жаңа мұратқа жетелейді. Табиғатты аялау – ұлтқа қызмет етудің бір парасы, –  деді Марлен Қапашұлы.

Шара барысында елге «Temiradam» атағының бес дүркін иегері ретінде танылған Ескелді ауданының тумасы Бақытжан Бектенов те көпшілікке жігер берді. Спорт ардагері шыңға өрлеудің астарында адамның өз-өзін жеңуі жатқанын айтты.

–  Тауға көтерілген жанның тынысы кеңейіп, жігері жаниды. Әрбір асу –  жаңа жеңістің бастауы. Осындай шаралар ұлт саулығын нығайтады, –  деді ол.

Қанат Умиралинов

Шағанға апарар сүрлеу Жетісудағы ең көркем бағыттардың бірі саналады. Жалпы ұзындығы шамамен 13 шақырым болатын тау соқпағы жасыл белдерді, тастақты қияларды, самырсын иісі аңқыған жондарды кесіп өтеді. Қияға көтерілген сайын көз алдыңда көкжиекпен астасқан адырлар мен салқын самалға тынып тұрған сілемдер жүрекке өзгеше сезім ұялатады.

Аталған тағылымды шараға жетісулық «Janr» әдеби клубының мүшелері де белсене қатысты. Қалам мен руханиятты қатар серік еткен өнер иелері бұл жолы табиғатпен үндесіп, Шаған шыңына көтерілді.

Клуб президенті, облыстық «Жетісу» радиосының жетекшісі Есболат Айдабосын Жетісудың көркем табиғаты адам жанына ерекше қуат сыйлайтынын атап өтті.

– Жер жаннаты Жетісудың төріндегі Шаған шыңын бағындырдық. Тауға көтерілген сайын адамның рухы серпіліп, жан дүниесі тазара түседі. Осындай сапарлар туған жердің қадірін тереңірек сезіндіреді, – деді ол.

Қанат Умиралинов

Ал Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының өкілі, ақын Жангелді Немеребай мұндай шаралардың адам денсаулығына ғана емес, рухани сергектікке де мол әсер беретінін жеткізді.

– Шыңға шығу – адамның өз-өзін сынауы. Биікке ұмтылған жанның жігері де беки түседі. Мұндай жорықтар ерік-күшті шыңдап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді, – деді ақын.

Тау төсіндегі саф ауа мен маңдайдан өпкен жел талай жанның жан дүниесін сергіткені анық. Шыңға алғашқылардың бірі болып жеткен қатысушы Таир Тойғұлов бұл сапардың адамды шыңдай түсетінін жеткізді.

–  Тауға шыққан адам өз мүмкіндігін таниды. Биіктікке ұмтылған сайын жігерің де биіктейді. Мұндай бастамалар жастарды қайсарлыққа тәрбиелейді, – деді ол.

Ал Талдықорған қаласының тұрғыны Ирина Аксенова үшін бұл бағындырған белес өміріндегі ұмытылмас сәттердің біріне айналған. Фитнеспен шұғылданатын ол құрбыларымен бірге фестивальге қатысып, ерекше әсер алғанын жасырмады.

– Шыңға көтерілген сайын бойыңдағы қорқыныш сейіліп, орнын қуаныш басады. Табиғаттың тылсым сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын, – деді ол.

Қанат Умиралинов

Фестиваль барысында экологиялық мәдениет те назардан тыс қалған жоқ. «Jetisy Jastary» КММ директорының міндетін атқарушы Арнай Байжурынов бастаған волонтерлер мен эко-белсенділер арнайы тазалық акциясын ұйымдастырды. Олар шара аяқталған соң тау бөктеріндегі қоқыстарды жинап, белгіленген орындарға шығарды.

–  Табиғат – келер ұрпаққа аманат. Ал оған тағзым ету –  тазалықтан басталады. Сондықтан әр адам жүрген жерін таза ұстауға міндетті, –  деді Арнай Рақымберліұлы.

Шаған шыңына қарай созылған қалың көш сол күні Жетісудың рухын әйгілегендей әсер қалдырды. Бірі белесті бағындырса, екіншісі табиғаттың құдіретін жүрегімен сезінді.

Қанат Умиралинов

«Shagan Fest 2026» осылайша Жетісудың ішкі туризмін жандандырып қана қоймай, туған жерге деген іңкәрлік пен табиғатқа деген жанашырлықты ұлықтаған тағылымды думан ретінде ел жадында қалды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Shagan Fest 2026»: Тау баурайындағы фестиваль

«Shagan Fest 2026»: Тау баурайындағы фестиваль

24.05.2026
Түлектердің жарқын бастамасы

Түлектердің жарқын бастамасы

24.05.2026
Жаны таза, ойы биік

Жаны таза, ойы биік

24.05.2026
Сыңғырла, күміс қоңырау!

Сыңғырла, күміс қоңырау!

24.05.2026
Өз алаңындағы алғашқы ойында тең түсті

Өз алаңындағы алғашқы ойында тең түсті

23.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.