Талдықорған: +20°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

ӨКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында 14-17 жас аралығындағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізіліп жатыр. Иммундау ата-аналар мен заңды өкілдердің келісімімен тегін негізде жүзеге асуда.

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, бұл шара жатыр мойны обырының алдын алудағы ең тиімді тәсілдердің бірі саналады. Аталған дерт әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың қатарына жатады. Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеліп, шамамен 600 әйел осы аурудан көз жұмады.

Ресми деректерге сәйкес, жатыр мойны обырының 95 пайыздан астам жағдайы адам папилломасы вирусымен байланысты. Ал науқастардың шамамен 74 пайызында вирустың 16 және 18 типтері анықталған. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Жетісу облысында қолданылып жатқан АҚШ-та өндірілген төрт валентті «Гардасил» вакцинасы дәл осы қауіпті түрлерден қорғайды.

АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігі халықаралық деңгейде дәлелденген. Қазіргі таңда әлемнің 135 елінде бұл вакцина ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Мұндай елдерде жатыр мойны обырының таралу қаупі 70-90 пайызға дейін төмендегені тіркелген.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцина 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Бүгінде ол 11 жастағы қыз балаларға жоспарлы түрде салынып келеді, сондай-ақ 12-13 жастағы жасөспірімдер қосымша иммундаумен қамтылуда.

Жетісу облысында бүгінге дейін 11 жастағы шамамен 7 мың қыз бала және 12-13 жастағы 3,5 мың жасөспірім алғашқы дозасын алған. Екінші дозамен 6 мыңнан астам қыз бала қамтылған. Мамандар вакцина алғандар арасында ауыр жанама реакциялар тіркелмегенін хабарлайды.

Қосымша иммундау 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыз балаларға да жүргізілуде. Вакцинация үш кезеңмен жүзеге асады: екінші доза екі айдан кейін, үшінші доза алты айдан соң салынады. Егу жұмыстары мектептер мен емханаларда арнайы медициналық бригадалардың қатысуымен өтеді. Әр жасөспірім вакцина алдында дәрігерлік тексеруден өтеді.

Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Күлбаеваның айтуынша, вакцина барлық медициналық ұйымдарда қолжетімді және екпеден кейін балалар дәрігерлердің бақылауында болады.

– «Вакцина емханалар мен мектептерде толық қолжетімді. Екпеден кейін балалар белгілі бір уақыт медициналық бақылауда болады. Бұл қауіпсіздігі жоғары, жанама әсері сирек кездесетін препарат. Егер қандай да бір жағымсыз жағдай тіркелсе, арнайы мамандар тексеру жүргізеді. Созылмалы ауруы бар балаларда вакцинация мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, вакцина құрамында вирустың тірі ДНҚ-сы жоқ, сондықтан инфекция жұқтыру қаупі болмайды. Қарсы көрсетілімдер сирек кездеседі. Екпе ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға, жүкті әйелдерге және дене қызуы көтерілген жағдайда уақытша салынбайды.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026
Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.