Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26 мамыр 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

7-su.kz / Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

Чемпионаттағы ең жас команда «Жетісудың» келесі маусымдағы тағдыры әлі белгісіз. Премьер-лигада қалу үшін Бірінші лигада 2-орын алған «Елім-ай» (Көкшетау) командасымен жолдаманы сарапқа салып жатыр. Талдықорғанда болған 1-ші кездесуде «Жетісу» 3:5 есебімен жеңілді. Ал 2-ші кездесуден талдықорғандықтар бас тартып отыр.

Көкшетаулық командамен болатын қарымта ойын 30 мамырда жоспарланған. Алайда «Жетісу» қаржылық қиындықтарға байланысты бұл ойынға бармауы мүмкін. Бұл ойынға қатысты мәселе және келесі шешімдер Қазақстан футзал қауымдастығының Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінде қаралады.  Қорытынды шешім кейінірек ресми түрде жарияланады.

– Бұл ойын біздің мәселемізді еш шешпейді. Сондықтан бармауды жөн көрдік. Қазіргі мақсатымыз – бысшылықпен клуб болашағы туралы ойлану. Жетісулық жас таланттар қолдаусыз қалмауы керек, – дейді «Жетісу» футзал клубының директоры Әділет Талғатов.

Ал Instagram желісіндегі FutsalKazakhstan парақшасы: «Егер 1-ші ойын Көкшетауда болғанда, онда ойын өтпеуі мүмкін еді. Бұл тұрғыда бапкерлерге және ойыншыларға ешқандай кінә тақпаймыз. «Жетісудың» 5 ойыншысы 21 жасқа дейінгі футзалшылардың ішінде үздік ондыққа кіреді. Мади Маратұлы болса чемпионаттағы үздік 8 сұрмергеннің ішінде. Бұл клубтың үлкен жұмысы. Иә, келесі жылы үздіктері басқа командаға ауысар, бірақ барлығы бірдей клуб тауып кете алады дей алмаймыз. Кей ойыншының кәсіби деңгейдегі мансабы басталмай жатып аяқталуы мүмкін. Оның үстіне Биро Жаде сынды тәжірибелі маманнан ел футзалы айырылып қалуы мүмкін. Дәл осындай жаңалықтардан кейін команданың Бірінші лигада ойнайтындығы болмаса жабылатындығын түсіну қиын», – деп жазды.

Келесі маусымда Премьер-лигадағы қатысушылардың саны өсіп, 14 команда болағанның өзінде «Жетісудың» сол тізімде тұратындығына көбісі күмәнмен қарайды. Ұйымдастырушылар әуелі Бірінші лигада 3-4 орын алған командалармен сөйлесіп барып, «Жетісудың» ұсынысын қарап көрмек.

Еске салайық, «Елім-ай» Талдықорғанға қосалқы құрамсыз келіп (5 ойыншымен), жеңісті жұлып алды. Гол салғандар Нұрлан Омаров хет-трик (8, 9. 19 минуттарда) және Серікжан Тайкенов (31) пен Жәнібек Сейітжан (36) көзге түсті.  Ал «Жетісу» сапынан Аят Мұсабаев (10), Нұрислам Рахимов (17) және Бексұлтан Тілеухан (40) гол салды.

«Жетісу» биылғы Премьер-лигадағы ең жас команда және чемпионатта легионерсіз ойнады. Командадағы ойыншылардың арасынан 19 жастағы Мади Маратұлы 29 гол салып, 11 пас берді (Чемпионаттағы үздік 10 сұрмергеннің қатарында). Одан бөлек 21 жасқа дейінгі ойыншылардың арасынан 18 жастағы Аят Мұсабаев (20 гол, 13 пас), 20 жастағы Жанасыл Алмасұлы (12 гол, 15 пас), 21 жастағы команда капитаны болған Ерназар Бекбосынұлы (13 гол, 12 пас) және 18 жастағы Бексұлтан Тілеухан (12 гол, 13 пас) сынды ойыншылар айрқыша көзге түсті.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.