Еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады. Ал оны іске қосу 2030 жылдың орта тұсына жоспарланған. Бұл жөнінде ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты.
Өкілдің мәліметінше станция пайдалануға кезең-кезеңімен берлмек. Ал екі блоктың арасы шамамен 8-10 ай деп жоспарланған.
Одан бөлек Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша Ресей президенті Владимир Путиннің ресми сапары кезінде АЭС-ті салуға қатысты келісімге қол қойылуы мүмкін. Бұл құжаттар құрылысқа және жобаның қаржылық тетіктеріне қатысты болады.
«Жетісу-Ақпарат».





