Талдықорғанда балалар ойын алаңына қатысты жанжал шыққан әйелдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Оқиға туралы ақпарат Instagram желісіндегі Taldykorganec.insta_ парақшасында жарияланған. Мәліметке сәйкес, Жалайыри көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында балалар ойын алаңына байланысты дау туған.
Тұрғындардың айтуынша, Жалайыри көшесіндегі 24 үйдің ауласында балалар алаңы болмағандықтан, балалар көршілес 26 үйдің ауласында ойнауға мәжбүр болған. Осы жағдай тұрғындар арасында түсініспеушілік туғызған.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
– Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Тұрғын үй ауласында жеке тұлғалар арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал болғаны анықталды. Оқиғаға қатысушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Талдықорған қалалық сотына жолданды, – деді ПД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





