Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

2025 жыл Қазақстан тарихындағы ең ыстық кезең ретінде тіркелді

29 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
2025 жыл Қазақстан тарихындағы ең ыстық кезең ретінде тіркелді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазгидромет мамандары еліміздің метеорологиялық бақылау тарихындағы ауа райының бұрын-соңды болмаған ерекшеліктерін қорытындылады. Ресми талдау көрсеткендей, 2025 жыл 1941 жылдан бергі бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жылы әрі аптап ыстық уақытқа айналды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтар дайындаған арнайы аналитикалық шолуда республика аумағындағы температуралық режим, жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысының жай-күйі мен Каспий теңізі мен Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы маңызды деректер жинақталған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1960-жылдардан бастап елімізде әрбір онжылдық алдыңғы кезеңге қарағанда әлдеқайда ыстық болып келеді. Осылайша, 2016-2025 жылдар аралығындағы орташа жылдық температура +7,11 градусты құрап, қалыпты нормадан 0,83 градусқа асып түсті. Тіпті соңғы 2021-2025 жылдар аралығы +7,55 градус көрсеткішпен ең жылы бесжылдық ретінде тарихқа енді. Климатологтар ең жоғары он жылылықтың тоғызы дәл осы XXI ғасырға сәйкес келуін климаттың өзгеруі процесінің тым жеделдеп бара жатқанымен байланыстырады.

Жаңа рекорд орнатқан 2025 жылы орташа температура ауытқуы бірден +2,11 градусқа дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш бұған дейін ең жоғары деп саналған 2023 жылғы деңгейден де жоғары. Әсіресе Кызылорда облысы мен батыс, шығыс, орталық және солтүстік-батыс аймақтарда ауа райының қалыпты нормадан ауытқуы +2,5 градустан асып кеткен. Еліміздегі 176 метеостанцияда экстремалды жоғары температуралық көрсеткіштер байқалса, 138 станцияда бұл жыл тарихтағы ең аптап кезең болып танылды.

Жауын-шашын деңгейіне келетін болсақ, республика бойынша орташа жылдық мөлшер 295,7 миллиметрді құрады, бұл жалпы жылдық норманың 91,8 пайызына тең. Кейбір өңірлерде, атап айтқанда Жамбыл және Түркістан облыстарында ылғал тапшылығы анық сезілсе, Павлодар облысында нормадан 23 пайызға артық жауын жауған. Ал солтүстік пен шығыс өңірлердегі максималды көрсеткіш бекітілген деңгейден 150 пайызға дейін жоғарылады. 1976-2025 жылдар аралығындағы ұзақ мерзімді үрдістер Қазақстандағы орташа жылдық температураның әр онжылдық сайын 0,4 градусқа өсіп отырғанын дәлелдейді. 2026 жылдың жаз мезгілінде де аптап ыстық толқындар, қысқа мерзімді нөсер жаңбыр мен найзағай, бұршақ аралас қатты жел орын алуы ықтимал.

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.