Балқаш көлі жағалауының оң жақ бөлігінде жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Қазіргі уақытта ұзындығы шамамен 10 шақырым болатын жолдың негізі дайындалып, асфальт төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Жоба аясында жол инфрақұрылымы толық жаңартылып, қажетті инженерлік және жол қауіпсіздігі элементтері орнатылады. Бұл жұмыстар жағалау аумағына қатынауды жеңілдетіп, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жол құрылысын маусым айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа жол өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және жағалау аумағының қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.





