Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жыр әлеміндегі Толқын

30.05.2026
РУХАНИЯТ
Жыр әлеміндегі Толқын
WhatsAppTelegramFacebook

Ақын – уақыттың ғана емес, адам жанының да шежірешісі. Ол көпшілік байқамайтын көңіл-күйді сезеді, айтылмай қалған сырды сөзге айналдырады. Сондықтан да ақын шығармашылығы оның өмір жолынан, тағдырынан, ішкі әлемінен бөлек қаралмайды. Нағыз поэзия жүректен туғанда ғана жүрекке жетеді.

Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, ақын Толқын Қабылшамен өткен «Толқын да толқын ғұмырым» атты әдеби-сазды кездесу кеші сөз өнерінің қадірін терең сезінетін оқырман қауымды рухани әсерге бөледі.

Кештің шымылдығы ақынның өз жырларымен ашылды.
«Білемін, кейде, болмысым көпке кереғар,
Тағдырым анық, түсіне алмайды мені олар…» деген өлең жолдары оның шығармашылық әлемінің болмысын айқындап тұрғандай әсер қалдырды. Өйткені Толқын Қабылша поэзиясының басты ерекшелігі – шынайылық. Оның өлеңдерінен өмірдің ащы-тұщысы, адам жанының толқынысы, әйел жүрегінің нәзік иірімдері айқын сезіледі.

Әдеби кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай жүргізіп, Толқын Қабылшаның шығармашылық жолына тоқталды. Мұнан кейін қаламгердің өмірі мен әдебиеттегі ізденіс жолынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, жиналған қауым ақын әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.

Кешке ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрила Бектемірова, ақындар Сағыныш Намазшамова, Гүлбақыт Қасен, Торғын Тұрлыбаева, Зирагүл Нұрданбек және өңірдің зиялы қауым өкілдері мен әдебиетсүйер оқырмандар қатысты.

Шарада сөз алған қаламгерлер ақынның шығармашылық ізденістері мен қазақ поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы туралы ой бөлісті. Олар Толқын Қабылша жырларындағы нәзік лиризм мен терең философиялық астарды ерекше атап өтті.

Расымен де оның шығармашылығының өзегінде адам жанының күйі жатыр, өлеңдерінен сағыныш та, мұң да, өмірге деген сүйіспеншілік те қатар өріледі. Сондықтан ақын жырлары оқырманын бейжай қалдырмайды.

Жыр кешінде Толқын Қабылша жүрек түкпірінен туған өлеңдерін оқып, көрерменді өзінің сырлы әлеміне жетеледі. Ақынның әрбір жырынан өмірге деген ерекше көзқарас, уақыт пен тағдыр туралы толғаныс, жан әлеміндегі тебіреніс анық аңғарылып тұрды. Оның өз шығармашылығы туралы айтқан ойлары да терең ойға сүңгітті.

– Кейде менен «Өлеңдеріңіз неге мұңды?» деп сұрайды. Меніңше, ақындықтың өзінде мұң бар. Ақын болу – өмірдің әр сәтін жүрекпен сезіну. Ақын жаны мыңдаған сезімнің мекені. Сондықтан сағыныш та, мұң да, қуаныш та өлеңге айналады, – деген ол алғашқы туындыларының бірі – «Бір өлең – бір әлем» атты өлеңін оқып берді.
Бір өлең болса, бір әлем,
Бұл әлем – менің әлемім…
Өлең шумақтары ақынның шығармашылық ұстанымын айқындай түседі. Шынында да Толқын Қабылша үшін өлең – өнер ғана емес, өмірдің өзімен астасқан рухани кеңістік.

Әдеби кеште сөз сөйлеген Сағыныш ақын әріптесінің шығармашылығы туралы жүрекжарды пікірін білдіріп, оның поэзиясындағы шынайылық пен сыршылдыққа тоқталды. Ол Толқын Қабылшаның адамдық болмысы мен ақындық әлемі бір-бірінен ажырамайтын тұтас дүние екенін атап өтті.

Кеш соңында Астанадан арнайы келген ақынға Жетісу жұртшылығының құрметі көрсетілді. Ақын Сағыныш Намазшамова облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бастаған жетісулық зиялы қауымның ықыласын жеткізіп, иығына камзол жапты. Бұл қазақы дәстүрге тән құрметтің, әдеби ортадағы сыйластықтың көрінісі болды.

«Толқын да толқын ғұмырым» атты кездесу ақын шығармашылығын насихаттаумен ғана шектелмеді. Ол поэзияның адам жанын байытатын құдіретін, сөз өнерінің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеген тағылымды рухани басқосуға айналды. Өйткені уақыт өзгергенімен, адам жүрегіне жол табатын шынайы поэзияның құны ешқашан кемімейді. Ал Толқын Қабылшаның жырлары – сондай жүректен туған, жүрекке жететін поэзия.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жыр әлеміндегі Толқын

Жыр әлеміндегі Толқын

30.05.2026
Бабалардан жеткен бұйым

Бабалардан жеткен бұйым

30.05.2026
Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30.05.2026
Жүрек жылуын сыйлады

Жүрек жылуын сыйлады

30.05.2026
Талдықорғанда сиыр мен қой еті қымбаттады

Талдықорғанда сиыр мен қой еті қымбаттады

30.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.