«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда мемлекеттік тіркеу нөмірлерін саналы түрде жасыратын немесе жалған нөмір белгілерін пайдаланатын жүргізушілерге қарсы бақылауды күшейтті – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«ҚазАвтоЖолдың» ақпаратынша 2026 жылдың басынан бері ақылы жол учаскелерінде нөмірлерді жасырудың, өзгертудің немесе жалған белгілерді қолданудың 1 942 дерегі анықталды. Ұлттық компания мамандары бұл бағытта тұрақты мониторинг жүргізіп келеді және заңбұзушылықтар анықталған бойда тиісті шара қолдану үшін ішкі істер органдарына, оның ішінде патрульдік полиция бөлімшелеріне жедел түрде жолданады.
Құқық бұзушылықтардың қатарына көлікке тиесілі емес нөмірлерді тағу, жалған немесе өзгертілген белгілерді орнату, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін арнайы жапсырмалар, перделер, айналмалы механизмдер мен электронды панельдерді қолдану жатады. «ҚазАвтоЖол» мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің әрдайым таза, анық көрінетін және белгіленген орында тұруы тиіс екенін еске салады. Стандартқа сай емес немесе дұрыс орнатылмаған нөмірлер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, ал жалған нөмірлер мен оларды жасыратын құрылғыларды пайдалану қатаң жазаға, тіпті көлік басқару құқығынан айыруы мүмкін. Ұлттық компания жүргізушілерді заң талаптарын сақтап, жол ақысын уақытылы төлеуге шақырады.





