2025 жылғы 8 қаңтар сағат 03:30-дан бастап ауа райының нашарлауына қар, боран болуына байланысты барлық көлік түрлері үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Коктал» автожолының (40-68 км, Алтынемел асуы) қозғалысы жабылды.
РМК «Қазгидромет» мәліметтері бойынша 2025 жылғы 8 қаңтарда, Жетісу облысының шығысындағы, таулы аймақтарында қарлы боран, тұман, төменгі боран және көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы солтүстік-шығыстан, облыстың шығысындағы, орталық және таулы аумақтарында секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.
Фото: «КазАвтоЖол»





