Талдықорған: +10°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17 маусым 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

"Жетісу" ФК

WhatsAppTelegramFacebook

Жасөспірімдердің кәсіби спортшы болып қалыптасуына мол мүмкіндік сыйлап, олардың болашағына әсер ететін «J-league» жобасы биыл 2-ші рет ұйымдастырылуда. Талдықорғандағы Орталық алаңда ресми ашылу рәсімі сән салтанатпен өтті. Биыл 3 спорт түріне (волейбол, баскетбол, футбол) 551 команда (5510 бала) тіркелді. Мамырда басталған жобаның аудан қалалық іріктеуінен өткендер облыс орталығында 17-20 маусым аралығында биылғы жеңімпазды анықтайды.

Ақтық кезеңде волейболдан 10, баскетболдан 10 команда және футболдан 30 команда сынға түседі. Биылғы жүлде қоры да қомақты. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен, грамотамен  марапатталса, үздік үштікке енген командаларға диплом мен медальдан бөлек, ақшалай сертификат табысталады.

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов:

– «J-league» – Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес қолға алған айтулы жобамыз. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған, талапқа сай келген үздік спортшылар «Жетісу» футбол клубының орталығына, волейбол мектебіне және баскетбол клубына іріктеусіз қабылданып, барлық жағдаймен қамтамасыз етіледі. Бұл – өз шеберліктеріңізді дәлелдеп, кәсіби спортқа бастар жолдағы маңызды қадам, – деді өз сөзінде.

Артынша Диас Рахметұлы, облыс спортындағы белгілі мамандар Талғат Өмірбеков, Ерік Байсаринов, Арнұр Серікұлы, Рашит Парманов, Сағындық Қасымжанов, Айбек Диасұлы финалдық кезеңге жолдама алған балаларға 650 доп сыйлады.

Арнайы келген қонақтар тізімінде «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов және былтырғы «J-league» жобасының жеңімпазы, бүгінде футбол орталығында ойнайтын Медетбай Ерхан болды. Олар балаларға сәттілік тілеп, берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, өздерін көрсетіп, үздіктер қатарында болуына ниеттес екендіктерін білдірді.

Футболдан ақтық сын «Болашақ» стадионында, ал волейболдан «Жетісу» клубының орталығында, баскетболдан «Өркен» спорт кешенінде өтеді.

Серік ҚАНТАЙ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.