Талдықорған: +12°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

J-league. Үздіктер анықталатын сәт

16 маусым 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
J-league. Үздіктер анықталатын сәт

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде көптеген баланың болашағына әсер етіп, бағдарын айқындап, кәсіби спортшы болып қалыптасуына мүмкіндік сыйлайтын «J-league» жобасы биыл 2-ші рет өтіп жатыр. Мамырда басталған жоба аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерін аяқтады. Жалпы 3 спорт түріне (волейбол, баскетбол, футбол) 551 команда (5510 бала) тіркелді. Финалдық кезең 16-20 маусымда Талдықорғанда ұйымдастырылады.

Облыстағы балалардың белсенділігі артып, былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен дайындықпен кіріскенін байқауға болады. Оларды ынталандыру мақсатында 8 ауданмен 2 қалада жалпы 3040 доп (1740 футбол, 620 волейбол, 680 баскетбол) таратылды. Ал облыс орталығында болатын ақтық кезеңде 650 доп (390 футбол, 130 волейбол, 130 баскетбол) тарату ойластырылған. Шешуші сынға електен өткен 500-ге жуық жас спортшы қатысады деп жоспарланған. Жеңімпазбен жүлдегерлер арнайы кубоктар, ақшалай сыйақымен марапатталады (І-орын 500 мың теңге, ІІ-орын 300 мың теңге, ІІІ-орын 200 мың теңге және жаттықтырушылар 100 мың теңге).

Жалпы бұл жоба өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстанудағы айрқыша әлеуметтік бастама деп қарастырсақ болады.

– Өңірімізде балалармен жасөспірімдерді спортпен қамту мақсатында 23 спорт мектебі, 2 мамандандырылған мектеп-интернаты (Лепсі, Талдықорған) және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық орталық жұмыс істейді. «Даму бала» ақпараттық жүйесінде оператор ретінде мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорттың 17 түрінен 37 өнім беруші тіркеліп, 160 спорт үйірмесі жұмыс істейді. Жалпы 6 183 бала қамтылған. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері өңірде 2 685 іс-шара өтті. Осы және өзгеде атқарылған жұмыстардың арқасында 2025 жылы өңіріміздің спортшылары барлық деңгейлі жарыстарда 1 254 медаль (452 алтын, 371 күміс, 431 қола) алды. Ал биыл қаңтар-мамыр айларында халықаралық және республикалық жарыстардан 551 медальға ие болдық, – дейді Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Дуанаев.

Еркебұлан Жақанұлының сөзінше «J-league» жобасында көзге айрықша түсіп, ерекше ойынымен үздік болған ойыншылар спорт-интернатқа емтихансыз қабылданып, жатын орын барлығы қарастырылады. Бұл – жасөспірімдер үшін теңдесіз жоба.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Жетісу облысында әлі талай жобалар жоспарланған.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.