Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар мен қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тазалық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Green Start Up – тазалық өзіңнен басталады» атты интерактивті іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әрбір азаматтың туған өлкесінің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға жеке үлес қоса алатынын көрсету, сондай-ақ экологиялық бастамаларды қолдау арқылы қоғамда ортақ жауапкершілік қағидатын нығайту болды.

Шара барысында қатысушыларға арналған екі арнайы интерактивті баннер ұсынылды.

Алғашқы баннер «Тазалық өзіңнен басталады» қағидатына негізделді. Онда қоршаған ортаны ластаушы қоқыс бейнелері орналастырылып, қатысушылар қоқыс суреттерін алма бейнесіндегі арнайы элементтермен алмастырып, баннерге жапсырды. Алма тазалықтың, табиғаттың және жасампаздықтың символы ретінде ұсынылды. Осы арқылы әрбір қатысушы қоршаған ортаға деген жауапкершілігін іс жүзінде көрсетіп, табиғатты қорғауға өз үлесін қосты.

Екінші баннер шығармашылық және азаматтық белсенділік алаңы ретінде ұйымдастырылды. Онда «Таза Қазақстан» тақырыбындағы арнайы сурет бояуға арналған форматта ұсынылды. Балалар мен қала тұрғындары суретті өз қалауы бойынша бояп, таза әрі көркейген Қазақстанға қатысты өз көзқарастары мен тілектерін білдірді. Бұл алаң қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық сана-сезімін арттыруға және туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.

– «Green Start Up – тазалық өзіңнен басталады» іс-шарасы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды. Әрбір тұрғынның шағын әрекеті үлкен өзгерістерге бастайтынын тағы бір мәрте дәлелдеген шара барша азаматтарды туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуға үндеді, – деді «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

Қатысты жаңалықтар

Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.