Талдықорған: деректер жоқ
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

23.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

23 маусым – еліміздің тыныштығы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан полициясы күні. Мереке қарсаңында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды білуде облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайыновпен сұхбаттасқан едік.

– Сарқытбай Закирұлы, жыл басынан бері қалада қанша қылмыс тіркелді? Жалпы қылмыс саны азайды ма?

– Облыс бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеу көрсеткіші 14 пайызға төмендеді. Өткен жылы 1478 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 1279-ға дейін азайып отыр. Сонымен қатар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, оның ішінде пәтер ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы, мал ұрлығы, алаяқтық, тонау және бұзақылық қылмыстарының саны едәуір азайды. Адам өлтіру, зорлау, бұзақылық және көлік құралдарын ұрлау қылмыстарының ашылуы жүз пайызды құрап отыр. Бұл – тәртіп сақшыларының жүйелі әрі табанды жұмысының нәтижесі.

– Мемлекет басшысы бастамашы болған «Заң мен Тәртіп» қағидаты өңірде қалай жүзеге асырылып жатыр?

– «Заң мен Тәртіп» қағидаты құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыспен күресу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта құқықбұзушылықтардың себептері мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Әрбір аумақтық полиция бөлімшесінде профилактикалық кабинеттер жұмыс істейді. Онда бұрын сотталған азаматтармен, полиция есебінде тұрғандармен жеке профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру акциялары, семинарлар, есірткіге қарсы науқандар мен ағартушылық кездесулер тұрақты өткізіледі. Тұрғын үйлердің аулаларында, ауылдық округтерде, көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы ұйымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып келеді.

Мұндай жүздесулер барысында азаматтарды алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланып, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері түсіндіріледі. Кездесулердің қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен жарияланады.

Есепті кезеңде 80 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 57 мыңға жуығы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері. Қоғамдық орындар мен көшелердегі патрульдік бақылау күшейтілді.

– Бүгінде технология құқық қорғау саласының сенімді көмекшісіне айналды. Цифрландыру қылмыстың «ізін суытпай» ашуға қалай ықпал етіп отыр?

– Расында, цифрлық технологиялар қылмыстың алдын алуда да, оны жедел ашуда да маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта облыс аумағында 47 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 22 мыңнан астамы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен бірге жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған 518 бейнекамера жұмыс істейді. Бұл құрылғылар құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, бейнесараптамалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар уақытты үнемдеп қана қоймай, күнделікті қызметіміздің тиімділігін арттыруда. Соның арқасында биылғы алты айдың өзінде өткен жылдың толық көрсеткішінен асып түстік. Мәселен, 2025 жылы «ізін суытпай» ашылған қылмыстар саны 167 болса, биылғы жартыжылдықта бұл көрсеткіш 170-ке жетті.

– Интернет-алаяқтық бүгінде өзекті мәселеге айналды. Аймақта бұл қылмыс түрімен күресте қандай әдістер тиімді болып отыр? Азаматтарға берер кеңесіңіз?

– Интернет-алаяқтық ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі екені рас. Биылғы кезеңде мұндай 192 дерек тіркелді.
Бұл бағыттағы ең тиімді құрал – алдын алу жұмыстары мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Себебі алаяқтардың басым бөлігі әлеуметтік инженерия тәсілдерін қолданады. Олар азаматтарды алдап, жеке мәліметтерін немесе қаржылық деректерін өз еркімен беруге мәжбүрлейді. Сондықтан тұрғындарға аса сақ болуға кеңес береміз. Бейтаныс адамдарға SMS арқылы келген кодтарды, құпия сөздерді, банк карталарының мәліметтерін беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтуден сақтанып, алынған ақпаратты міндетті түрде бірнеше мәрте тексерген жөн. Бір маңызды жайтты есте ұстаған абзал: банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардан ешқашан құпия ақпарат сұрамайды және қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейді. Сондықтан цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мен ақпараттық сауаттылық – киберқылмыскерлерден қорғанудың ең сенімді жолы.

– Кәсіби мереке қарсаңында айтар лебізіңіз?

– Бұл мереке – заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлерін біріктіретін ерекше күн. Әріптестеріміз күн сайын азаматтардың құқықтарын қорғап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарып келеді. Олар кәсіби шеберлігі мен антқа деген беріктігін іс жүзінде дәлелдеп жүр. Мерейлі мереке қарсаңында барша әріптесіме зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Әңгімелескен:  Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ел мүддесін ту еткендер

Ел мүддесін ту еткендер

23.06.2026
Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

Чолпон-Атада Мұрат Әуезовтің бюсті ашылды

23.06.2026
ҰКО жеке кабинетіне кіру тәртібі өзгерді

ҰКО жеке кабинетіне кіру тәртібі өзгерді

23.06.2026
Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

Зейнеткерлікті оңай рәсімдеңіз

23.06.2026
«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары тағайындалды

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары тағайындалды

23.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.