Жоба тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи және мәдени мұрасы бай ауылдық аумақтарды насихаттауға бағытталған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
2026 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауының жеңімпаздары ретінде төмендегі елді мекендер танылды:
- Басши ауылы (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы);
- Торайғыр ауылы (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы);
- Берел ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
- Коробиха ауылы (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы);
- Имантау ауылы (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).
Айта кетейік, өткен жылы аталған байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын.
Байқау ауылдық туризмді дамытуға, өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға және жергілікті мәдени мұраны кеңінен танытуға бағытталған.





