Талдықорған: +38°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды

30.06.2026
КҮНДЕРЕК
Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Бірлік» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативінің алаңында «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының таныстырылымы өтті.

Ауқымды іс-шараға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары, мемлекеттік органдар мен аграрлық бизнес өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жаңа техника үлгілері, дәлме-дәл егіншілік технологиялары және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық құралдармен таныстыру.

Қатысушылар John Deere S440 және John Deere W430 астық жинау комбайндарының жұмысын тікелей егіс алқабында көріп, олардың өнімділігі мен техникалық мүмкіндіктеріне баға берді. Сондай-ақ John Deere 5050D тракторының ENOPACK-800 пресс-жинағышының жұмысы көрсетілді. «Бірлік» ӨАШК ғылыми кеңесшісі Андрей Агеенко ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті.

– Біз John Deere техникасының сынақ жұмыстарын өткізу үшін жиналдық. Атап айтқанда, S440 және W430 комбайндарының қалай жұмыс атқаратынын көрдіңіздер. Фермерлер техниканың мүмкіндіктерін бағалады. Кооператив басшылығы мамандардың ұсынысы бойынша аталған комбайнды сатып алу туралы шешім қабылдады. Өйткені егін жинау науқаны кезінде уақытылы әрі сапалы жұмыс жүргізілмесе, өнім көлемі төмендеп, сапаға кері әсерін тигізеді. Бұл үлкен шығынға ұрындыруы мүмкін, – дейді ол.

«Бірлік» ӨАШК ғылыми кеңесшісінің айтуынша, кооперативте қазір барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар бар. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі – 1311 гектар. Алқапта жүгері, арпа, бидай, майбұршақ, күнбағыс, басқа да дәнді, майлы әрі отамалы дақылдар өсіріледі. Қазіргі уақытта шаруашылықта астық жинайтын комбайн, төрт трактор және барлық қажетті тіркемелі агрегаттар мен сепкіштер жұмыс істеп тұр.

Шара аясында цифрлық технологияларға да ерекше көңіл бөлінді. «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының мамандары егістік алқаптарының жағдайын бақылау, техниканы басқару және өндірістік үдерістерді талдау жүйелерін көрсетіп, жан-жақты таныстырды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шешімдер өнімділікті арттырып қана қоймай, жанар-жағармай, тыңайтқыш, басқа да ресурстарға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының Талдықорған қаласындағы техника сату жөніндегі менеджері Семён Гусляков John Deere техникасын сатып алу кезінде фермерлерге берілетін жеңілдіктер туралы айтты.

– Өткен жылдан бастап John Deere техникасы елімізде «АгромашХолдинг» АҚ арқылы локализацияланып шығарылуда. Бұл отандық фермерлерге техниканы барлық қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалар бойынша сатып алуға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері техниканы «ҚазАгроҚаржы» АҚ, басқа да қаржы институттары арқылы жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен лизингке рәсімдей алады, – деді Семён Гусляков.

Маман сондай-ақ мемлекеттік субсидиялау мүмкіндіктеріне де тоқталды. Оның айтуынша, локализацияланған техника толық құнының 30 пайызы көлемінде субсидия алуға мүмкіндік береді. Бұл тракторларға да, комбайндарға да қатысты. Сонымен бірге тек John Deere техникасында қолданылатын JDLink телематика жүйесінің субсидиялау кезінде қосымша артықшылықтары бар. Көрмеге қойылған John Deere S440 роторлы және John Deere W430 клавишті комбайндар әртүрлі шаруашылық қажеттілігіне сай сапалы техникалар.

Шараға жиналғандар еңбек өнімділігін арттыру, шығындарды оңтайландыру және ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу мәселелерін де талқылады. Мамандардың пікірінше, климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі жағдайында заманауи техника мен цифрлық технологияларды енгізу аграрлық саланы тұрақты дамытуға жол ашып отыр.

Ұйымдастырушылар мұндай көрсетілімдер отандық фермерлер арасында озық технологияларды кеңінен таратуға, агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық трансформациясын жеделдетуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін сөз етті.

Айгүл БАЙБОСЫН
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026
Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026
Қауіпті контенттен қорғанайық

Қауіпті контенттен қорғанайық

30.06.2026
Маркемен жасалған келісім

Маркемен жасалған келісім

30.06.2026
Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.