Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетістігі мол Жаңалық

30 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Жетістігі мол Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылдық округінің Жаңалық ауылы бүгінде қоғамдық келісім мен саламатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісіне айналып отыр. Тұрғындардың ынтымағы мен ортақ жауапкершілігі ауылдың тыныс-тіршілігін жаңа деңгейге көтеріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң нәтижесін көрсетуде.

Бес жыл бұрын ауыл халқы ортақ келісімге келіп, ішімдік өнімдерінен толықтай бас тарту туралы шешім қабылдады. Осы игі бастаманың нәтижесінде соңғы бес жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Бұл – кездейсоқ жетістік емес, тұрғындардың саналы таңдауы мен өзара түсіністігінің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттіліктің нақты жемісі. Оң өзгерістердің негізінде ақсақалдар кеңесінің өнегелі бастамалары, округ әкімдігінің жүйелі қолдауы және құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы жатыр. Ортақ мақсат жолындағы бірлік ауылдағы қоғамдық тұрақтылықтың берік іргетасына айналды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары жаңа медициналық пункт салынып, балалар ойын алаңы, спорт және шағын футбол алаңдары пайдалануға берілді. Көшелер толықтай жарықтандырылып, тұрғындарды көптен бері толғандырған ауызсу мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған жаңа су жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында егістік алқаптарын суаруға арналған арналар орнатылып, диқандардың еңбегін жеңілдетуге жағдай жасалды.

Жаңалық ауылының бүгінгі келбеті – ауызбірлік пен адал еңбектің айқын нәтижесі. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, ауылдың көркеюіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, елді мекеннің өркендеуіне серпін бермек.

Еламан АБАЙ,
Ескелді ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.