Талдықорған: +37°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Арманға апарар жол

30.06.2026
КҮНДЕРЕК
Арманға апарар жол

rbc.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Адам өмірінің мәнін айқындайтын ең асыл құндылықтардың бірі – арман. Қазақ халқының «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Себебі арман – адамның жан дүниесіндегі үміт сәулесі, болашаққа бастайтын темірқазығы. Ол адамды алға жетелеп, биік мақсаттарға жеткізетін сарқылмас күш.

Кейбір армандар уақыт өте көмескіленсе, енді бірі адамның өмірлік мұратына айналады. Бала кезден бергі ең үлкен арманым – журналист болу. Бұл мамандыққа деген қызығушылығым сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктен әрі қоғамға пайдалы ой айтып, ел игілігіне қызмет етсем деген ниеттен бастау алады.

Кішкентайымнан кітап оқуға, өлең жазуға ерекше құмар болдым. Өлең арқылы жан дүниемдегі сезім мен толғанысты қағаз бетіне түсіруге тырысамын. Уақыт өте келе сөздің адам санасына әсер етіп, оның ойы мен көзқарасын өзгерте алатын қуатты күш екенін терең түсіндім. Сонымен қатар мәнерлеп оқу байқауларына қатысып, аудандық кезеңнен республикалық деңгейге дейін жеттім. Бұл жетістіктер менің өз қабілетіме деген сенімімді нығайтып қана қоймай, шығармашылық ізденісімді де шыңдады. Сахна мәдениеті еркін сөйлеуге, жауапкершілікті сезінуге және көпшілік алдында өз ойымды анық әрі сенімді жеткізуге үйретті.

Журналист болуды қалауымның басты себебі – қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарай алмауым. Менің түсінігімде журналист – халықтың үні, қоғамның айнасы. Ол ақиқатты бүкпесіз айтып, елдің мұңы мен мұқтажын билікке жеткізетін, қоғамдық пікір қалыптастыратын жан болуы тиіс. Сондықтан болашақта әділдікті ту еткен, ел сеніміне ие болатын, жастарға жігер мен үміт сыйлайтын кәсіби журналист атануды мақсат етемін.

Қазақ халқында «Талаптыға нұр жауар» деген даналық сөз бар. Кез келген биік жетістік табандылық пен үздіксіз еңбектің нәтижесінде келеді. Сол себепті білімімді тереңдетіп, шығармашылық қабілетімді ұдайы дамытып, журналистика саласының қыр-сырын жан-жақты меңгеруге талпынамын. Өйткені үлкен белестерге тек тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбек арқылы ғана жетуге болады.

Әр адамның арманы – оның болашағына жол көрсететін жарық шамшырақ. Адам өз мақсатына сеніп, соған қарай батыл қадам жасай білуі керек. Өмір жолында түрлі қиындықтар кездескенімен, нағыз мықты жан кедергілерге мойымай, алға ұмтылуын тоқтатпайды. Мен де өз таңдаған жолымнан таймай, білімімді жетілдіріп, шығармашылығымды шыңдай отырып, ел мүддесіне адал қызмет ететін журналист болуға ұмтыламын. Себебі әрбір үлкен жетістік кішкентай арманнан басталады, ал сол арманға адалдық адамды биік белестерге жетелейді.

Амина ИБДИМИНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жетістігі мол Жаңалық

Жетістігі мол Жаңалық

30.06.2026
Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026
Қауіпті контенттен қорғанайық

Қауіпті контенттен қорғанайық

30.06.2026
Маркемен жасалған келісім

Маркемен жасалған келісім

30.06.2026
Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.