Өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты Жетісу облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Мамандардың айтуынша, профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – өрт оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен мүлкін, сондай-ақ табиғатты қорғау. Құтқарушылардың сөзінше, бір сәттік салғырттықтың өзі ірі өртке ұласып, экологияға және тұрғындардың жеке мүлкіне орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Атап айтқанда:
- қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге жол бермеу;
- кәуап әзірлеу кезінде және ашық отты пайдалану барысында барынша сақ болу;
- толық сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені жерге тастамау;
- арнайы белгіленбеген орындарда от жақпау.
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай рейдтік шаралар өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, адам өмірін сақтауға да ықпал етеді. Сондықтан әрбір азаматтың жауапкершілігі – қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты кепілі.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қырағылық танытып, өз қауіпсіздігіне, жақындарының амандығына және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі





