Қазақстан заңнамасында ұлттық валютаның жазылуына қатысты маңызды өзгеріс енгізілді. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап орыс тіліндегі нормативтік құқықтық актілерде «тенге» сөзінің орнына «теңге» формасы қолданылады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа Салық кодексі мен Ұлттық банк актілеріне сәйкес, құжаттар жаңартылған конституциялық нормаларға сай келтірілді. Мысалы, Салық кодексіндегі «Парламент» атауы «Құрылтай» болып өзгерсе, «Қазақстан Халық Кеңесі» термині қосылды. Сондай-ақ «республикалық референдум» сөзі «халықтық референдум» тіркесімен алмастырылды.
Ұлттық банктің құжаттарында да бірқатар түзету бар. «Иностранец» термині «шетелдік азамат» деген сөзге, «информационные системы» тіркесі «цифрлық жүйелер» ұғымына өзгертілді. Бұдан бөлек, Конституциялық сотқа жүгіну үшін мемлекеттік баж салығы алынып тасталды. Бұл шешім «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» заңға енгізілген өзгерістермен негізделеді.
Ұлттық валютаның «теңге» деп жазылуы мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту мен бірыңғай жазу стандартын қалыптастыруға бағытталған қадам. Заңнамалық актілердегі мұндай жаңартулар құқықтық терминологияның дәлдігі мен айқындығын арттырады. Азаматтар мен кәсіпкерлер құжаттарды толтыру кезінде жаңа атауларды қолдануы қажет.
Құқықтық жүйедегі өзгерістер қоғамның сұранысына сай жаңғырып отырады. Жаңа атаулар мен терминдердің енгізілуі еліміздің ақпараттық кеңістігін заманауи талаптарға сай ретке келтіруге септігін тигізеді.





