Құрметті жетісулықтар!
Ұлттық домбыра күнімен шынайы құттықтаймын!
Шанағына тарихымыз бен шежіремізді сыйғызған домбыра – ұлттық аспап қана емес, ол Ұлы даланың жүрегі әрі үні. Халық философиясының, тарихы мен тағдырының шежіресі болған бұл асыл қазынамыз ұлттық құндылықтың айналасына бірігуге ықпал етіп, заманауи конституциялық реформалар мен өзгерістердің мәдени негізі болып отыр.
Төл мұрамызға деген ұрпақтың ыстық ықыласын ояту жастарды отаншылдыққа, өз елін, салт-дәстүрін, өнерін қадірлеуге үйретеді. Осы орайда биыл туғанына 100 жыл толып отырған Дәнеш Рақышев салған сара жолмен Жетісудың дәстүрлі ән мектебі қалыптасқанын мақтанышпен айтамыз. Бүгінгі мерекеде домбыраның бар болмыс-бояуын ән мен күй арқылы жаңа дәуірге жеткізіп, оны ұлттық бренд ретінде танытуға үлес қосып жүрген өнерпаздарға алғыс білдіремін.
Баршаңызға мықты денсаулық, мол қуаныш, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Домбыраның қоңыр үні әр шаңырақты ән мен күйге бөлесін!
Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың
Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы





