Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

5 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Асыл мұра» концерті ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды кешке айналды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайындағы бұл мәдени жоба биыл төртінші рет өтті. Биылғы концерттің басты ерекшелігі – қазақтың әншілік және күйшілік мектептерін бір сахнада тоғыстырып, ұлттық өнерді жаңа технологиялармен үндестіре білуінде.

«Асыл мұра» – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін кеңінен насихаттап, тарихи-мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен ауқымды жоба. Концертте Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс өңірлерінің дәстүрлі әншілік және күйшілік мектептері кеңінен таныстырылып, әр өңірдің орындаушылық ерекшелігін айқындайтын әндер, күйлер мен жыр-термелер орындалды.

Биылғы концертке 90-ға жуық өнерпаз қатысып, қазақтың дәстүрлі өнерінің сан қырын көрермен назарына ұсынды. Сахнада Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина секілді дәстүрлі өнер майталмандары өнер көрсетті.

«Асыл мұра» концерті жылдан жылға мазмұны жағынан да, деңгейі жағынан да өсіп келеді. Әр ұлттың өзіне тән асыл құндылығы болады. Қазақ үшін сол құндылықтың бірі әрі бірегейі – домбыра. Өз халқының құндылығын дәріптеген адам – ұлтының нағыз жанашыры. Бүгін Ұлттық домбыра күні. Осы мерекемен барша халықты шын жүректен құттықтаймын! Домбыраны насихаттау халқымыздың берекесін, рухын көтеру деген сөз. Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың негізі. Біз осы аспаптың үнімен өсіп, тәрбиелендік. Домбыраны тек күйші немесе әнші ғана тартуы керек емес. Оны тыңдай білудің өзі – отансүйгіштіктің белгісі.

Қазір жастардың домбыраға деген қызығушылығы артып келеді. Мектептерде домбыра сабақтарының енгізілуі де – ұлттық құндылықты сақтап, кейінгі ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған маңызды қадам. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда домбыра өнеріне бет бұрған балалардың саны айтарлықтай көбейді. Бүгін сахнада өнер көрсетіп жүрген әншілер, күйшілер, жыршы-термешілердің барлығы ұлттық мәдениетіміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Жыл өткен сайын халықтың домбыраға деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімі артып келе жатқаны қуантады», – деді күйші-композитор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ахат Байбосынов.

Бұл пікірді күйші-ұстаз, фольклортанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Айтжан Тоқтаған да жалғастырды.

«Ұлттық өнерді дәріптеу – ұлттың рухын көтеріп, халықтың болмысын айқындайтын маңызды құндылық. Сондықтан ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау өскелең ұрпаққа тәрбие берудің, ұлттық сананы қалыптастырудың тиімді жолы.

Осындай бағыттағы бүгінгідей концерттердің рөлі ерекше. Мұндай ауқымды мәдени шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, оның ел руханиятына берері мол. Әрбір ісіміз, әрбір бастамамыз ұлттық негізге құрылуы керек. Ұлттық тамырымыздан ажырамаудың, оны келер ұрпаққа аманаттаудың бірден-бір жолы – ұлттық өнерді дәріптеу.

Өйткені ұлттық өнер – ұлттың тірегі, халықтың болмысы. Сол болмысты жыл сайын жаңа қырынан танытып, әлі ашылмаған қырларын халыққа ұсына білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!» – деді Айтжан Тоқтаған.

«Асыл мұра» дәстүрлі өнердің өткеннің еншісінде қалып қоймағанын, қайта уақытпен үндесіп, жаңа сипатта жаңғырып келе жатқанын көрсетті. Бір сахнада бас қосқан 90-ға жуық өнерпаздың орындауындағы ән мен күй, жыр мен терме көрерменге ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қатысты жаңалықтар

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Бүгін, 17:33
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Бүгін, 17:28
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Бүгін, 17:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.