Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

09.07.2026
КҮНДЕРЕК
Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректеріне сілтеме жасап. Қазіргі таңда еліміздің су шаруашылығы саласында 29 мыңнан астам адам еңбек етіп, су қауіпсіздігі мен ресурстарды тиімді басқару ісіне үлес қосуда.

Министрлік жүйесінде 10-11 мың маман жұмыс атқарады. Олардың қатарында министрліктің орталық аппараты, «Қазсушар» РМК, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі, сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары бар. Бұл қызметкерлер су тасқыны кезінде суды қауіпсіз өткізу, вегетациялық кезеңде егістік алқаптарын ылғалмен қамтамасыз ету және гидротехникалық нысандардың сенімді жұмысын қадағалау міндеттерін атқарады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады:

«Құрметті әріптестер! Сіздерді Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби жетістік және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің су қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп сияқты экономиканың маңызды салаларының тұрақты дамуына негіз қаланып отыр. Сіздер су тасқыны кезеңінде судың қауіпсіз өткізілуін, вегетация кезеңінде егістік алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін және гидротехникалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз назардан тыс қалмайды. Министрлік алдағы уақытта да су саласы мамандарының мәртебесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді».

Министрлік су шаруашылығы мамандарының мәртебесін көтеруге және еңбек жағдайын жақсартуға ерекше мән береді. Соңғы 2-3 жылда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 2 есеге артты. Бұдан бөлек, «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» жаңа мемлекеттік наградасы тағайындалды.

Саланы әлеуметтік қолдау шаралары да кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Мәселен, 2024 жылы су шаруашылығы мамандықтары алғаш рет «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілді. 2025 жылы «Қазсушар» РМК филиалдарына 576 техника берілді. Бұған қоса, тариф қаражаты есебінен тағы 135 техника сатып алынды. Соның нәтижесінде кәсіпорынның техника паркі 27-28 пайызға жаңартылды. Сондай-ақ «Қазсушар» кәсіпорнының 435 маусымдық қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Қатысты жаңалықтар

Болашақ туризмнің белдеуі

Болашақ туризмнің белдеуі

09.07.2026
Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

Қаратал аудандық ауруханасы GPP сертификатына ие болды

09.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан құжат

Тарихтан тамыр тартқан құжат

09.07.2026
Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

09.07.2026
Жауапты қызметтің талапты міндеті

Жауапты қызметтің талапты міндеті

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.