Талдықорған: +36°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қоғалы көгілдір отынға қосылды

11.07.2026
ЭКОНОМИКА
Қоғалы көгілдір отынға қосылды

Қанат МАҚАНҰЛЫ

WhatsAppTelegramFacebook

Қоғалы ауылында көптен күткен қуанышты күн туып, тұрғындар табиғи газға қосылды. Жергілікті халық осындай тарихи сәттің куәсі болды. Бұл – елдің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі. 

Салтанатты шарада аудан әкімі Жанат Жүнісбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мен әлеуметтік қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырғанын айтып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Елді мекендерді газдандыру – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын маңызды жобалардың бірі. Жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі игіліктің Қоғалы ауылына жетуі – соның айқын дәлелі, – деді аудан әкімі.

Салтанатты рәсімде ауылдық ақсақал-дар кеңесінің төрағасы Серік Тұрбеков ақ батасын беріп, игі істің берекелі болуына тілектестігін білдірді. Мердігер «GasEnergyConstruction» ЖШС әлеуметтік осал топтағы үш отбасына табиғи газды тегін қосып берді. Солардың бірі – жалғызбасты ана Гаухар Төлепбергенқызы.

– Екі баламды жалғыз тәрбиелеп отырмын. Бір баламның денсаулығында кінәрат бар. Осындай жағдайымызды ескеріп, үйімізге тегін газ кіргізіп берген азаматтарға айтар алғысым шексіз, – дейді ол.

Осындай игіліктің тағы бірі 11 баланы тәр- биелеп өсірген алтын құрсақты ана Сәния Жансейітоваға бұйырды. Көпбалалы ана осы уақытқа дейін үйін көмір жағып жылытқанын айтып, енді табиғи газдың арқасында бейнетінің зейнетін көретінін жеткізді.

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, биылғы қыркүйек айына дейін аталған ауылдардағы барлық тұрғын үй табиғи газға толық қосылады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Бейісбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда облыста 112 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

– Жыл соңына дейін тағы 16 елді мекенге табиғи газ беріледі. Ал Талдықорған – Үшарал магистральдық газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін тағы 84 елді мекен газдандырылады. Бұл жоба 2028 жылы толық аяқталады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Қоғалы ауылдық округінде 4124 адам тұрады. Ауылға газдың келуі тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартып, жылыту шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Кербұлақ ауданындағы Байғазы, Алтынемел, Тастыбастау, Ақбастау, Доланалы, Жайнақ батыр, Жаңалық, Шаған, Тастыөзек және Қоғалы ауылдары кезең-кезеңімен газдандырылуда.

«2030 жылға дейінгі перспективамен Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында 356 елді мекеннің 210-ы газдандыруға енгізілген. Қазіргі таңда өңірдің газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. Бүгінде 112 елді мекенге көгілдір отын тартылып, 467 мыңнан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көріп отыр. Ал Кербұлақ ауданында 63 елді мекеннің 26-сы газдандыру жоспарына енгізілген. Барлық 26 елді мекенде жалпы ұзындығы 612 шақырым болатын жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Осы уақытқа дейін ауданның 16 елді мекеніндегі 25,4 мың тұрғын табиғи газға қосылды. Ауылдардағы газ желілерінің жалпы ұзындығы 374 шақырымды құрайды. Атап айтқанда, Сарыөзек, Қазансу, Майтөбе, Көксай, Шилісу, Қызылмектеп, Қарымсақ, Жоламан, Қызылжар, Шоқан, Амангелді, Сайлыкөл, Қаспан, Қайнарлы, Қарағаш және Көкбастау ауылдары табиғи газдың игілігін пайдаланып келеді.

Қоғалыға көгілдір отынның келуі – бір ауылдың ғана емес, тұтас өңірдің әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіші. Табиғи газ тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп, өмір сапасын арттыруға және ауылдардың одан әрі дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.