Қарқынды дамып келе жатқан цифрлық дәуір жағдайында Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының комплаенс-қызметі медиасаладағы адалдық, ашықтық және құқықтық мәдениет қағидаттарын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.
Интернет-контенттің маңызының артуына байланысты цифрлық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Жақында өткізілген семинар барысында аймақтық коммуникациялар қызметтерінің баспасөз хатшыларына кәсіпорын басшысы бекіткен «Онлайн ортада цифрлық әдеп пен құқықтық нормаларды сақтау туралы» Ережесі түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға кәсіпорынның корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді. Бұл құжаттар қоғам сенімін қалыптастыру мен кәсіпорынның медиакеңістіктегі беделін сақтау үшін маңызды негіз болып табылады.
Семинар барысында әрбір қызметкердің өз кәсіби қызметінде «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұлжытпай орындауының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Контентті дайындау мен тарату кезінде зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына жол берілмеуі қажет.




