Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді

13.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді
WhatsAppTelegramFacebook

Кейде бір кештің өзінен тұтас бір дәуірдің тынысын сезінуге болады. Күйдің күмбірі мен бидің сымбаты, сахнадағы шынайы шабыт көрерменді уақыт кеңістігінен алып өтіп, халықтың рухани тамырымен табыстырады. Жетісу жерінде өткен мерейтойлық кеш дәл осындай әсерге толы болды. Ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, қазақ мәдениетінің көркем келбетін талай сахнада танытқан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің 40 жылдық мерейтойы айрықша сән-салтанатпен бастау алды.

Облыс бөлінгенімен рухани тамыры бір, өнердегі еншісі ортақ қос ұжымның мерейлі белесі ұлттық мәдениеттің мәңгілік тынысын айшықтаған тағылымды сәтке айналды.

Бұл ансамбльдер туралы әңгіме қозғалғанда қазақ руханиятының ірі тұлғасы – мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековті айналып өте алмасымыз анық. Өткен ғасырдың 80 жылдары ұлттық мұраны жаңғырту ісіне тың серпін беріп, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер мен көне музыкалық аспаптарды қайта тірілтуге ұйытқы болған оның бастамасымен этнографиялық музейлер ашылып, халық аспаптары ансамбльдері құрылды. 1988 жылы Наурыз мерекесінің қайта жаңғыруына жол ашылып, Түркістанның тарихи мәртебесін қалпына келтірді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жөнделіп, қасиетті Тайқазан елге қайтарылды. Осындай іргелі бастамалардың қатарында 1985 жылы дүниеге келген «Адырна» мен «Алтынай» ансамбльдері де бар. Содан бері бұл екі ансамбль ұлттық мәдениеттің қос қанатындай қатар қалықтап, қазақ өнерін талай сахнада танытып келеді.

Мерейтойлық кеш көрерменге өткеннің өнегесін, бүгіннің биігін және болашаққа деген сенімді қатар сезіндірген рухани думан болды. Шымылдық ұлттық би өнерінің символына айналған көркем қойылыммен ашылды. Дәурен Әбіровтің «Алтынай» биі сахнаға сән беріп, залды бір сәтте қазақы әлемнің әсемдігіне жетеледі.

Кеш барысында «Адырна» ансамблі көне күйлерден құралған попурриді орындап, тыңдарманды ғасырлар қойнауынан жеткен күй әлемімен қауыштырды. Ал Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Гүлнәр Дәукенованың «Сағым жылдар» әні өткен шақтың сағынышты сазындай әсер қалдырды.
«Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің репертуары қазақтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрыптарына негізделген. Ұжым алғаш құрылған жылдары Өзбекәлі Жәнібеков Мәскеуден балетмейстер Ольга Голушкевичті арнайы шақыртып, ансамбльдің шығармашылық бағытын айқындауға ықпал етті. Содан бері ансамбль репертуары байып, бүгінде онда 100-ден астам би қойылымы жинақталған.

Солардың қатарында ұсынылған «Кербез» биі қазақ аруының ұршық иірген сәттегі нәзік болмысын бейнелесе, «Буын биі» мен «Қалыңдықтың құрбыларымен қоштасуы» көрерменді халқымыздың салт-дәстүрімен қайта табыстырғандай әсер қалдырды.

Биыл қос ұжымның құрылуына себепкер болған тұлға – Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай кеш барысында орындалған «Кемеңгер» шығармасы ұлт мәдениетінің жанашырына көрсетілген ерекше тағзым іспетті қабылданды.

«Адырна» ансамблінің басты ерекшелігі – көне музыкалық аспаптарды сахна тіліне қайта әкелуі. Домбыра, қылқобыз, жетіген, сыбызғы, шертер, сазсырнай, шаңқобыз, дабыл секілді ұлттық аспаптардың үні көрерменге қазақ музыкасының бай мұрасын терең сезіндірді.

Кеште Сейдолла Байтерековтің «Кішкентай» шығармасы сазсырнайда ерекше әуезбен орындалса, Жамбылдың келіні Қымбаттың «Екі алуан» әні дәстүрлі ән өнерінің көркемдігін тағы бір мәрте айқындады.

Алтынай» ансамблінің көркем қойылымдарының бірі – «Үкілі арулар». Қазақ қызының нәзіктігі мен сұлулығын бейнелейтін бұл би Орта Азия елдерінде өткен халықаралық байқауларда жоғары бағаланған. Сол сияқты «Алқа қотан», «Мереке», «Дәстүрім – қазынам» билері ұлттық болмысты сахна тілімен әсерлі жеткізді.

Қырық жылдық шығармашылық жолында «Адырна» мен «Алтынай» қазақ өнерінің алтын қорына енген талай туындыны дүниеге әкелді. Олар ұлттық мәдениетті сақтап қана қоймай, оны уақыт талабына сай дамытып келеді. Әсіресе бір облыс құрамында өткен жиырма жылдық кезең бұл ұжымдардың қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Аталған мерейтой бір ансамбльдің немесе бір филармонияның қуанышы емес. Бұл қазақ өнерінің мерекесі. Күйдің күмбірі мен бидің сымбаты арқылы халқымыздың тарихы мен рухани мұрасы көрермен жүрегіне жол тауып, келешек ұрпаққа аманат болып жетуде.

Қырық жылдық өнер сапарында талай белесті бағындырған «Адырна» мен «Алтынай» алдағы уақытта да ұлттық мұраны жаңғыртып, әлем сахналарында қазақ өнерінің айбынын асқақтата беретіні анық. Өйткені рухы биік өнердің ғұмыры – ұзақ, ал халықтың жүрегінен орын алған өнердің жолы – мәңгі болмақ.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026
Ойшылдар мұрасы ұлықталды

Ойшылдар мұрасы ұлықталды

13.03.2026
«Ауыл» партиясында жаңа төраға

«Ауыл» партиясында жаңа төраға

13.03.2026
«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді

«Адырна» мен «Алтынай» жүрек қылын тербеді

13.03.2026
Президент: Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар

Президент: Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.