Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізды. Жетісу облысының орталығындағы салтанат сарайында өткен басқосуда аймақтағы медицина мекемелерінде қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар адамдар қала әкімінің Құрмет грамотасы және арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиналған қауым алдында сөз алған Ернат Дүсенбекұлы жалпы ақ халатты абзал жандардың ұлт денсаулығын қорғау бағытында атқарып жатқан ауқымды істеріне айрықша тоқталып, еңбектерін ерекше бағалады. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 931 дәрігер, 3 мыңға жуық орта медицина қызметкері табысты еңбек етіп келеді.
– Адамның басты байлығы – денсаулық» десек, барша жанның денсаулығын сақтауда сіздердің қосып отырған үлестеріңіз зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Сапалы медициналық қызмет әрбір азамат үшін толық көлемде қолжетімді болуы керек!», — деп атап айтқан болатын. Осыған байланысты бүгінде елімізде медицина саласын дамытуға, мамандарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұдай қолдаулар алдағы уақытта да жалғаса беретіні анық. Бастысы біздің мемлекетіміз үшін, азаматтардың өмірін ұзарту, денсаулығын жақсарту басты міндет. Мұнда сіздерге түсетін жүктің салмағы ауыр. Сондықтан сіздер қандайда бір құрметке лайықсыздар. Сіздерге тек жақсылық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Елдің алғысы мен ілтипатына бөлене беріңіздер! – деді қала әкімі.
Жиын соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айдын КӘЛІМХАН