Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

11 айда 4,25 трлн. теңгеден асты

21.01.2025
ӘЛЕУМЕТ
11 айда 4,25 трлн. теңгеден асты

Өткен жылдың  желтоқсанында  азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,13 трлн. теңгеге (11 айдағы өсім 4,25 трлн. теңге немесе 23,8%) жетіп, бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 4,75 трлн. теңгеге (немесе 27,4%) өсті. 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығының  мәліметінше, қазақстандықтардың жинақтарының 96,07 пайыз  мөлшері МЗЖ есебінен қалыптасқан, оның көлемі  шамамен 21,24 трлн. теңге болды (бір жылдағы өсім – 26,4%, жыл басынан бері – 22,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 642,76 млрд. теңгеге жетіп, бір жылдағы өсім – 16,2%, ал жыл басынан бері 13,1 пайызға  артты. Ең үлкен өсімді (жылына 48,9%, жыл басынан бері – 43,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,59 млрд. теңге. Өткен жылғы  1  қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. Былтырғы 11 айда ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары 218,79 млрд. теңгеден асты.

Ал зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Былтырғы  11 айда салымшылардың жеке және шартты шоттарына түскен зейнетақы жарналары  2,49 трлн. теңгеден асты (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 29,4% немесе 567,35 млрд. теңгеге артық). Жарналардың барлық түрі оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өткен жыл басынан желтоқсан айына  дейін 2,18 трлн. теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 104,3 млрд. астам теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ бойынша – 2,8 млрд. теңге (өсім 35,3%) жиналды.  ЖМЗЖ  көлемі – 204,12 млрд. теңге.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан желтоқсанға  дейін  2,78 трлн. теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,53 трлн. теңгеге (немесе 123%) өсті. Өткен жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрі бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,13 трлн. теңгеге жетті. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері  (БЗТ) 497,98 млрд. теңгені  құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 185,42 млрд. теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,8 пайызға  жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,35 млрд. теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,49 млрд. теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – шамамен 2,77 млрд. теңге, жерлеуге төлемдер – 9,18 млрд. теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 339,66 млрд. теңгеден астам қаржы аударылды. Ал зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 33 826 теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 945 752 теңге болды.  

Былтырғы желтоқсан айындағы жағдай бойынша  БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,07 млн. бірлік (жыл басынан бергі өсім – 4,74 млн. бірлік немесе 38,5%, бір жылдағы өсім – 38,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны   12,48 млн. бірліктен асты. Оның ішінде: 11,14 млн. – МЗЖ,   711,35 мың –  МКЗЖ бойынша,  ал ЕЗЖ есептелетін шоттар 436,47 мың.  БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны –  4,58 млн. бірліктен асты. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі
Фото: Руслан Пряников

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.