Талдықорған: +3°C
$ 524.32
€ 609.05
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ОРТАЛЫҚ

02.12.2024
ӘЛЕУМЕТ
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ОРТАЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен  жылдың  көктемінде  Жаркент  қаласында  мемлекеттік  қолдау  аясында жергілікті  іскер  әйелдер  қауымдас- тығының ұйытқы  болуымен  жұмыссыз  жүрген  қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке  баулитын «Раушан» оқу  орталығы  құрылған. Мұнда  ауылда  екі  қолына  істейтін  кәсіп  таппай  жүрген  әйелдер  шаштараз, аспаз,  тігінші мамандықтары бойынша үш айлық  курста оқытыла бастады. Бұл  орталыққа  аудандағы  іскер  әйелдер  қауымдастығының  мүшесі, аудандық мәслихаттың  депутаты Раушан Оспанова  жетекшілік  жасап, ауылдағы  әйелдер  арасындағы  жұмыссыздыққа  күресті  бастап  кетті.


Оқу  орталығы  халықты еңбекпен  қамту бағдарламасы  негізінде  ашылып, бүгінде 160 маман өз кәсібін ашуға және жаңа тұрақты жұмыс орнын табуға жолдама алды. Олардың  көпшілігі  оқу  барысында  кәсіпкерлік қағидаттарын меңгеріп, өздерінің жеке  бизнес-жоспарларын жасап, ауылдарында жеке кәсіпорындарын  да ашып үлгерді. Мысалы, осы орталықтан арнайы мамандық алған  арулар өңірдегі Еңбекші ауылынан «Сая» шаштаразын, «Аружан»  атты  тігін  шеберханасын, сол  сияқты Тұрпан  ауылынан «Інжу»  тігін  цехын  ашты. 

Бұл  жаңа  жұмыс  орындарының  бәрі  Ұлттық  жоба аясында  жүзеге  асуда. Оқу орталығына  барғанымызда  бізді  қарсы  алған  Раушан  Жамбылбайқызы сабақ  өтіп  жатқан үш  сынып  бөлмесін  аралатып  көрсетті. Олардың  алғашқысында болашақ  аспаздар, екіншісінде шаштараз кәсібін таңдағандар, үшіншісінде тігіншілер ұстаз сабағына ынтамен ден  қойғанын байқадық.

– Оқу орталығын  ашу  жөніндегі ой  2022 жылы  туындады, – дейді  Раушан  Жамбылбай- қызы. – Алайда  оны  қаржыландыру, оқу  орнын жалдау, стипендия  төлеу  мәселелері аяққа  тұсау  болып, мақсатымызға  өткен  жылы қол  жеткіздік. Алғашқы  жылы орталыққа ауылдардан  жиналған 83 әйел мамандық  алса, биыл 88 адам  ауылға  қажет кәсіпті  меңгерді. Оқушыларымызға  шәкіртақыдан басқа  жол  қаражатын төлейміз. Оларды  жұмысқа  орналастыру  мен тігін  машиналарын сатып  алуына, жеке  кәсіпорнын ашуына  көмектесеміз. Бізде  әйелдермен қатар жаңа  мамандық  алуға  ынталы  ер  адамдарға  да  орын  бар. Биыл  білім  алған 88 тыңдарманның  екеуі  ер  кісілер. Жұмыс  берушілермен  келісе  отырып болашақ  еңбек  орнын  да  дайындап  қоямыз. Біздің  өңірде аспаздар  мен  тігіншілерге, шаштараздарға  сұраныс  жоғары. Сондықтан  біз  даярлаған  мамандар  түгел  тұрақты  жұмыс  орындарын  тауып  келеді.

Жұмыста  немесе  бизнесте  өзіміз  даярлаған мамандардың іс-қимылын  жарты  жыл  бойы  бақылап, аяғынан  нық тұрғанша қамқорлығымызға алып, басшылық  жасаймыз. Оқу  кезеңінде  де  олардың  қиындықтарға  төзімділігін, іскерлік қасиеттерін  шыңдаймыз, – дейді  орталық  басшысы.

Оқу  орталығының  жетекшісі болашақта  бүгінгі  қоғамға  өте  қажет мобилограф, бағдарламашы,  балабақшадағы тәрбиешілердің  көмекшісі сияқты  мамандықтарды  оқу жүйесіне  енгізбек. Бір  сөзбен  айтқанда,  Жаркент қаласында  ашылған  оқу орталығының  болашағы ауқымды. Сонымен  қатар, бұл орталық жұмыссыздықпен күресті  орайластыру арқылы аудан  экономикасының  өркендеуіне  де елеулі  үлес қосып отырғанын  байқау  қиын  емес.

М. Манапұлы
 

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

13.11.2025
Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

13.11.2025
Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

13.11.2025
Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

13.11.2025
Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

13.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.