Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қарекет түбі – берекет

11.02.2025
ӘЛЕУМЕТ
Қарекет түбі – берекет

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті екінші отырысы  өтті.

Мәжілісте  екі мәселе қаралды. Оның бірі – мектепке ұзақ уақыт бойы бармаған кәмелетке толмаған балаларға қатысты, екінші мәселеде  сәтсіз отбасындағы балалардың жағдайы, оларды түрлі үйірмелерге тарту, ата-аналарын жұмыспен, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар  сараланды.  Өзекті мәселелерді жүйелі шешу  жолдарын қарастыру мақсатында өткен басқосуға тиісті басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, комиссия мүшелері  қатысты. 

Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссия  төрағасы Марлен Көлбаев ашып, күн тәртібіндегі  мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен  құқықбұзушылық фактілері жиі орын алуда. 2023 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандармен орын алған қылмыстық әрекеттер  25-тен 46-ға дейін өскен.  2024 жылы орын алған 46 қылмыстық әрекетті  40  жасөспірім жасаса, оның 16-сы мектеп оқушысы, 23-і колледж студенті. Ал олардың  қылмыстық әрекеттерге  баруына көбіне өмірде  қиын жағдайға тап болуы, қолайсыз отбасы, ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығы, жүрген орта  әсер етуде. Мұндай әрекеттерге барған балалардың сабаққа қатысуы да төмен деңгейде. «Біз балалардың сабаққа қатысуынан бастап, бос уақытын қалай өткізетініне дейін бақылауда ұстауымыз керек»,  – деді   Марлен Қапашұлы.  

Мектепке ұзақ уақыт бойы бармаған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мәселе жайында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов  баяндама жасады.  Баяндамашының сөзінше, 2024-2025 жылдардағы оқу жылында облыс бойынша 3 бірдей бала оқумен қамтылмаған. Оның бірі Кербұлақ ауданы Жоламан орта мектебінің 9-сынып оқушысы болса, екі оқушы Көксу ауданы Н. Алдабергенов орта мектебінде оқыған (7 және 9-сынып)  сыған ұлтының балалары.  

–  Кербұлақ ауданының оқушысы бүгінгі күні 9 сынып оқуы тиіс, бірақ ол 4 сыныптан, яғни 2020 жылдан бері мектепке бармайды. Бұған қатысты аудандық білім бөлімі тарапынан тиісті шаралар қабылданып,   аудандық, облыстық заң орындарында қаралған. Заң  орындарының қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары мен мектеп директоры бірнеше рет анасымен жолыққан, алайда ол баласын сабаққа жібермей келеді. Алайда, 2024 жылдың қазан айында анасы баласымен бірге келіп, негізгі орта білім туралы аттестат беруді сұраған. Оған заң талаптары нақты түсіндіріліп, баланы сабаққа берудің қажеттілігі айтылды. Сол секілді Көксу ауданы Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің екі бірдей оқушысын іздеуге қатысты тиісті мекемелерге хат жолданды,  – деді Қайрат Саханұлы.  

Баяндамадағы тілге тиек етілген мәселеге байланысты Марлен Қапашұлы екі ауданның орынбасарлары мен білім бөлімінің басшыларынан  бұған байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын  сұрап, олардың берген жауаптарынан кейін  нақты әрекетке көшіп, істі тындырымды ету керектігін қадап айтты.

 – Баласының білім алуына шектеу қойып отырған анасын сотқа беріп,  қажет болса ата-ана құқынан айыру керек. Анасы үйіне кіргізбесе учаскелік полицияны бірге ертіп барыңыздар.  Әйтпесе,  үйде де оқытуға болады ғой. Ол баланың мүлдем оқуға ниеті жоқ деп қарап отырмай, әрекет ету қажет.  Бұл –  сіздердің әрекетсіз отырғандарыңызды көрсетеді.  Әрекет түбі –берекет деген. Анасы үйіне кіргізбейді деп қол қусырып отыра бермей, жолын қарастырған жөн.  Ал, бір балаға шамаларыңыз келмесе,  онда несіне  отырсыздар?! – деген комиссия  төрағасы  бұған қатысты   тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.  

Күн тәртібіндегі екінші  мәселе «Сәтсіз отбасылар»  бойынша  Алакөл ауданы әкімінің орынбасары  Мәулен Төлеужанов  баяндама жасап,   осы  төңіректе атқарылған жұмыстар туралы тілге тиек етті.

«Әр  бала – мектепке баруы керек»  деген облыс әкімінің орынбасары  Марлен Қапашұлы  жиын соңында қаралған мәселелер төңірегінде  нақты тапсырмалар жүктеді.

Сарби ӘЙТЕНОВА
Фото: https://www.instagram.com/p/DFu4xRVCRQN/?img_index=1

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.