Талдықорған: +20°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Арманына қол созған

10.11.2024
ӘЛЕУМЕТ
Арманына қол созған
WhatsAppTelegramFacebook

Іңгәлаған сәби үніне іңкәрлік танытқан қанша жүректің түкпірінде «перзентті болсам ғой» деген асыл арман жатыр екен?! Тіпті, жер бетінің тұтқасын ұстаған адамзат баласының үлкен қуанышы, өміршең ісі – ұрпақ сүйіп, оны адамдық ізгі қасиетпен өсіру десек,  бүгінде мұның өзі кейбір отбасы үшін өзекті тақырыпқа айналған. Сан жылды сабылтып бір перзенттің ата-анасы атануды қалған жандар үшін елімізде арнайы мемлекеттік бағдарлама бар. «Аңсаған сәби» атты бұл бағдарлама нәтижесінде бүгінге дейін 3 мыңнан астам нәресте өмірге келіп, 3 мыңнан астам отбасының шаттығын еселеді.

Иә, «Аңсаған сәби» талай ошақтың отын маздатты. Бүгінде өрісін тапқан бұл бағдарламаның игілігін көруге талпынғандардың саны артты десек, облысымызда да отбасылық-демографиялық мәселені шешкен жандар жетерлік.

Жалпы, «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған. Соның арқасында 2021 жылдан бастап республикада 3000-нан астам бала дүниеге келген. Бізге аталған бағдарлама туралы баяндап берген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жұмысы бойынша орынбасары Жанета Нұрманбетова: «Бұл бағдарламаның мақсаты – көмекші репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу», – деп толғана келе, бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыс пен нәтижесіне тоқталды.

Жанета Нариманқызының айтуынша, облыста биыл 217 квота бөлінген. Бүгінге дейін  169 квота игеріліп, 40 әйел көптен күткен жүктілікке ие болған.

– Қазір өңірде квоталарды бөлу жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Барлық аудан мен қалалық емханаларда осы бағыттың тиісті мамандары тағайындалды, көмекші репродуктивті технологиялар қызметтерін көрсетуге қатысатын медициналық ұйымдар анықталды. «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыста 264 бала дүниеге келді, – дейді ол.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған ерлі-зайыптылар да, жеке адамдар да қатыса алады. Қазақстан азаматы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сай болуға тиіс екен. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам ерікті жазбаша келісім береуге міндетті.

Сан жүректің қуанышына жаршы болар мемлекеттік бағдарламаларға сондай-ақ, репродуктивті жас 18-ден 49 жасқа дейінгі, соматикалық және эндокриндік көрсеткіштері қалыпты жандар қатыса алады десек, мамандар үміткердің физикалық тексеруінен кейін экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы мүмкін екенін де ескерте кеткен жөн. Ал, Ж. Нұрманбетованың сөзіне сүйенсек, ЭКҰ-ға қарсы көрсеткіштер – қалыпты жүктілікке, бала көтеруге және босануға кедергі келтіретін психикалық және соматикалық аурулар; жүктілікті мүмкін етпейтін жатырдың дамуындағы ауытқулар немесе оның деформациясы; хирургиялық емдеуді қажет ететін онкологиялық аурулар, сондай-ақ жатыр мен аналық бездегі қатерсіз өсінділер; жедел түрдегі қабыну процестері екенін де еске салып өткен абзал.

Жалпы, ЭКҰ туралы жан-жақтылы баяндаған Жанета Нариманқызы:

– «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Онда үміткер бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне енгізіледі. Содан кейін тексеру жүргізіледі. 12 ай ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім қабылдаған кезде әйелді «емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркейді және рәсімге дайындық басталады, – деп  жолдаманның қалай рәсімделетінін түсіндірді. Өз кезегінде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандыру рәсімі жылына бір рет тегін жүргізілетінін де атап өтті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

«Қызыл жұлдыз» қалай берілді?

09.05.2026
Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.