Талдықорған: +25°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қашанда көмекке дайын

27.10.2024
ӘЛЕУМЕТ
Қашанда көмекке дайын
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы көп жағдайда бағаланбайды. Тіпті, олардың қызметін көбі түсіне бермейді. Бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі, қарт адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше ден қойылып отыр.  Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандардан көмегін аямай жүрген әлеуметтік қызметкер Антонина Колаеваның қызметі жайлы айтпақпыз.

Ол «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектігі бар тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері болып жұмыс істейді. 

Жанашыр жан қоғамның осал тобындағы жандарға бейжай қарамайтын, қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада 31 жылға жуық үйлерінде еңбек етіп келеді. Антонина Колаева жалпы жалғыз тұратын 9 қарияға, әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 қызмет түрін көрсетеді. 

Оның негізгі міндеті – жалғыз тұратын қарттарға және І-ІІ топ мүгедектігі бар тұлғаларға жәрдемдесу. Сонымен қатар, балалары, жұбайы жоқ, денсаулығы сыр берген адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, төсектен тұруға көмектесу, киіну, тамақтану, дәретханаға апару, барлығы әлеуметтік қызметкердің мойынында. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет болса хат жазып, оны оқуға көмектеседі.

Әлеуметтік қызметкер бірнеше саланы меңгеруі керек. Ол дәрігер де, заңгер де, ұстаз да, психолог та болуы қажет. Өйткені әлеуметтік қызметкер көмегіне жүгінетін адамдардың жағдайы әртүрлі болатыны баршамызға мәлім.

– Әлеуметтік қызметкер болу адамның мінезі мен ішкі болмысына байланысты. Біз тек науқаспен ғана емес, оның отбасымен жұмыс істейміз. Ең алғаш мүгедектік алған адамның жақындары күйзеліске түсетіні анық. Сол себепті екі тарапты баланста ұстай отырып, оларды күйзелістен шығаруға тырысамыз. Олар болған жайтты қабылдағаннан бастап, жағдайды үнемі бақылап отырамыз, – дейді әлеуметтік қызметкер. 

Өзінің қамқоршыларына маңызды тамақ сатып алуға және тамақ дайындауға, онымен қоса  коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге көмектесетінін де айтып өтті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелеріне дейін апарып, алғашқы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде, курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық және есту аппараттары, дәрігерді үйге шақыру және денсаулық сақтау ұйымында палатаға дейін ертіп жүру де осы маманның мойнында. 

Әлеуметтік қызметкер үй шаруасына ғана көмектесіп қоймай, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді, яғни олармен әңгімелесіп, тыңдап, қоғамда белсенді болуға ынталандырады. Қызмет алушылардың əрқайсысымен жекелей қарым-қатынас орнатып, олардың талап-тілектерін тыңдап, мейлінше толыққанды өмір сүру салтын жеңілдетуге күш салуда. Тағдырдың қиын кезеңіне тап болған қарттардың құлазыған көңіл-күйін сергітіп, өмірге деген құштарлығын қайта оятуға тырысады. Сонымен қатар, экскурсиялар, театр, кинотеатр, көрмелер мен концерттерге бірге барады. Жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер алуға, материалдық жағдайды жақсартуға және жекебасын куәландыратын құжатты және заңдық маңызы бар құжаттарды алуда заң көмегін көрсетуге қол ұшын созады.

Антонина Колаева кәсіби маман ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын мейірбан жан. Оның ең басты қасиеттері – мейірімділік пен шыдамдылық. Ол өзіне бекітілген адамдарға қандай көмек керек екенін анықтап, олардың көңілін тауып, тіл табысуға тырысады. Өзіне жүктелген міндеттерді жақсы атқарады. Қызмет алушыға арқа сүйер демеуші болып, әр отбасының бір мүшесіндей дәрежеге жетті. Өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін әлеуметтік қызметкер үшін өзгенің мәселесі деген түсінік жоқ. Қиналған адам көре қалса қол ұшын созып, көп саралап жатпай қолынан келген көмегін аямайды. 

Осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінен де болар, бәлкім. Жалақысы мардымсыз бола тұра, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтқысыз қызмет ету физикалық күшпен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді. Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес. 

Осы уақытқа дейін жұмысында еш кемшілік немесе қарт-қариялар тарапынан жағымсыз пікірлер, ескертулер болған жоқ. Ал қала басшылығы оның жылдар бойы атқарған жұмысының еш кетпегенінің дәлелі ретінде Алғыс хат табыстап, марапаттан құр қалдырмады. 

Айғаным АЙТМҰХАН
Талдықорған қаласы

Фото: tiflocentre.ru 

Қатысты жаңалықтар

Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026
Өмірі ұрпаққа өнеге

Өмірі ұрпаққа өнеге

09.05.2026
Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2026
Аңызға айналған аға

Аңызға айналған аға

09.05.2026
Бір хаттың көмегі

Бір хаттың көмегі

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.