Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Ғашық болудан қорықпаңыз

01.03.2017
ӘЛЕУМЕТ
Ғашық болудан қорықпаңыз
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемге есімі әйгілі француз әншісі Мирей Матье жалғызбасты болып өмірден өтсе, Патрисия Каастың әлі күнге дейін сүйіктісі жоқ. Белгілі тележүргізуші Опра Уинфри алпысты алқымдаса да, тұрмыс құрғысы келмейді.

Бүгінде «Махаббатқа сенбеймін», «өмірде махаббат жоқ», «намысты, келісті ер жігітті кездестіру қиын» деген сөздерді жиі естиміз. Мұны жай ай­­тылған сөз деп қабылдасаңыз, қате­лесе­сіз. Бұл – фобия. Қайта-қайта сананы мазалаған үрей. Әлем бойынша ғылым­да 10 мың фобия тіркелсе, соның ішінде сүюден, ғашық болудан қорқу фило­фобия деп аталады.
Психологиялық дерт атанудың алдында тұрған «Фобия» қазақ әйелі үшін де таңсық емес. Мамандардың жуырда жасаған сауалнама нәтижесі бойынша, әрбір үшінші әйел үйінен есігінің алдына боянбай шығуға батылы бармайтынын айтқан. Сауалнамаға үш мың әйел қатысқан. Әрбір оныншы бойжеткен сүйіктісінің көзінше үнемі боянып жүру керек деп есептейтінін жеткізген. Ғалымдардың айтуынша, адамның кемшіліктен қашу себебінен өзіне деген сенімділігі төмендейді. Осының салдарынан филофобтардың қатары күн санап артуда.

Тағы бір қырынан қарап көрсек, махаббат – химиялық формулалардың жиынтығы. Яғни, біреуді жақсы көрудің өзі биологиялық ағзаңызға байланысты болады. Мысалы, сүйіктіңізді еске түсіретін болсаңыз, денеңізде дофамин мөлшері ұлғаяды. Жүрек соғысыңыз жиілеп, қан айналымының жылдамдығынан адреналин бөлінеді. Қартаю процесі де дофамин мөлшері азайғанда басталады. Антрополог Ратджерс Хелен Фишердің айтуынша, дофамин жан-тәнімен ғашық болуға әсер етсе, серотонин бауыр басқан кезде бөлінеді. Окситоцин гормоны сүйіктіңізбен салмақты қарым-қатынасты, тіпті адалдықты қадағалайды. Ал ағзаңызда дофамин, серотонин мен окситоцин гормоны жетіспесе, миыңыздағы нейрондар зақымданып, сөзсіз филофоб болып шыға келесіз. Нобель сыйлығының иегері Уолтер Уайт «бәріміз химия элементінен құралғанбыз» деп бекер айтпаса керек.

Психологтар махаббатқа сенбей­тін­дердің көпшілігіне мына жағдайлар әсер етуі мүмкін дейді:

– балалық шағында ата-анасының бір-біріне деген суық сезімін көріп өс­кен бала махаббаттың барына сенбейді;

– әке-шешесінің ажырасып, өзгемен отау құрғанын қайталағысы келмейді;

– жауапсыз сезімді басынан өткер­гендер ғашық болудан қорқады;

– бостандыққа үйренген бойжеткендер басыбайлы болғысы келмейді;

– сәтсіз некеден кейін, екінші рет тұрмысқа шығудан тартынады.

Ғылым тілі былай дейді: фобияға душар болған адам мазасызданады, тамырының соғуы мен демі ұлғаяды, бозғылттанады және тез қызарады. Бұл белгілерді күйзеліске бейім адамдардың бойынан аңғаруға болады.

Жоғарыдағы белгілердің бәрі үміт­сіз­дікке алып келеді. «Шал мен те­ңізді» жазған Эрнест Хэмингуэй: «Адам­да қиыншылық пен қуаныш аяқталғанда, кеудені бос қуыс кернейді», деген еді.

Айтар ойдын түйіні, ғашық болудан қорықпаған абзал. «Қорыққанға қос көрінер» деген сөзді жадымызда берік орнатсақ, барлық ауыртпашылықтан арыла алады екенбіз.

Салтанат Сүгір

https://www.egemen.kz/2017/03/01/105559

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.