Талдықорған: +32°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ҚАТЕЛІК ҚАЙТАЛАНБАҒАНЫ ДҰРЫС

03.11.2024
ӘЛЕУМЕТ
ҚАТЕЛІК ҚАЙТАЛАНБАҒАНЫ ДҰРЫС

«Қалаға сән  береді» деген мақсатпен сонау 2010 жылдардың басында іргетасы құйылып, бүгінгі жұрт  «коттедж қалашық» немесе басқа да атаулармен атап алған үйлердің жыры бітпегелі біраз жыл болды. Ұмытпасақ, сол жылдардағы жазбаларымызда «700-ге жуық үй бой көтеріп, соншама үйсіз-күйсіз жүрген отбасының қиындығын еңсеріп тастайды» деп көрсеткенбіз. Сол тұста баспаналы болғандар бар. Ал құрылысы аяқталмай содан бері қаңырап бос тұрғандары да жетеді. 


Бұл үйлер туралы тұрғындардың арыз-арманы облыс әкімінің де, қала әкімінің де тұрғындармен кездесуінде, есепті жиындарда жиі айтылып жүрді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына орай қала әкімдігі жыры бітпеген осы мәселені шешу үшін білек сыбана кірісті. 

Қазір бұл жерде құрылысы бітпеген 204 үйді қайта жөндеу жұмысы қауырт жүріп жатыр. Бұйыртса, алдағы 15 қарашаға дейін 25 үй, жыл соңына дейін 72 үй толық жөнделіп, тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы, тұрмысы нашар отбасыларға үлестірілмек. Қалғандары келесі жылы ел игілігіне беріледі.

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов, Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құрылыс жұмысын тағы бір бақылап қайтты.

– Бұл үйлердің мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр. Өткен жылдан бері  сапасыз құрылыс жүргізген мердігер компания, жауапты мемлекеттік қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, біраз адам жауапқа тартылды. Қолды болған қаржы мемлекет есебіне қайтарылды. Осыдан кейін құрылысы аяқталмай тұрған 204 үйді қайта қалпына келтіру жұмысы қала әкімдігінің құзырына берілді. Жыл басынан бері қайтадан мемлекеттік сараптама жасалып, 600 млн. теңге қаржы бөлініп, 97 үйдің құрылысын екі компания қарқынды жүргізіп жатыр. Қалған үйлерді келесі жылдың қыркүйек айына дейін аяқтаймыз, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл. 

Коттеджді қалашықтың әу бастағы жоспары бойынша бұл жерде 2 мектеп салынуы керек болған. Алайда өткен жылы 1200 орынға арналған №30 орта мектеп салынып, қазір онда 900-ге жуық бала білім алуда. Жыл соңына дейін берілетін 97 үйге қоныстанатын отбасылардың оқу жасындағы балаларын қоса есептегенде осы мектептің жоспарланған жүктемесі орындалады. Сондықтан мектеп құрылысы салынады деген екінші жер теліміне келесі жыл 3 қабатты тұрғын үйлер салу жоспарланып, жобалық-сметалық құжаты дайындалып, қаржысы да шешілген.

 – Бастапқыда бұл жерде 3 қабаттан да биік үйлер салуды ойластырғанбыз. Алайда қалашықтың келбетін ескеріп, осындай шешімге келдік. Бұл жоспарды да толығымен орындаймыз, – дейді қала әкімі.

Әрине, құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықтың салдары халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудыратыны анық. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылыстың сапасыз салынуы, бюджет қаражатының тиімсіз  жұмсалуы жиі орын алатын жағдай. Сондай-ақ, уәдені үйіп-төгіп, оны орындамай кету бұрынғы жылдары жиі ұшырасатын. Салдарынан халық құрғақ уәделерден әбден жалығып, көңіліне сенімсіздік ұялатып алғанын жасырмаймыз. Енді осындай жағдайды болдырмауды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары  жіті назарға алып, бақылауда ұстайтын болған.

– Коттеджді қалашықтың жағдайы тұрғындардың көз алдында жүрген мәселе. Осы келеңсіздікті түбегейлі шешу облыстағы тәуекел картасына енгізілді. Сондықтан бұл құрылыстың жасалуы, аяқталуы, сапасы біздің назарымызда болады. Биыл 97 үйді бітіріп, баспана кезегінде тұрған көпбалалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға беріледі. Бұл атқарушы органның жұмысы болғанымен мұны да бақылауымызда ұстаймыз. 

Бүгін жасалып жатқан үйлерді аралап,  жұмыс сапалы жүріп жатқанын байқадық. Бірақ үй тапсырылғаннан кейін тағы да кемшіліктер шығып жатса, мердігер компания кез келген уақытта оны реттеп беретін болады. Бәріңізге аян, бұрынғы жылдары қателіктер көп кетті. Ендігі мақсатымыз – сол қателіктерді қайталамау үшін бірлесіп жұмыс істеу, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов.

Қазір 97 үйдің құрылысын «STROY OРT» ЖШС және «Амиржан company» ЖШС жүргізіп жатыр. Оның 25 үйі 15 қарашаға дейін, қалғаны жыл соңына дейін бітетінін мақаланың басында айттық.  Айта кетерлігі, өз кезінде бұл үйлердің 70-80 пайыз құрылыс жұмысы аяқталған. Бірақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалғандықтан су, газ, жарық желілері бүлініп, үйдің есік-терезесі сынған, ішіне орнатылған құрылғылар тоналған.

– Қазір тозып кеткен су, газ, жарық желілер қалпына келтіріліп, бүлінген есік-терезелер, үйдің тағанына төселген материалдар толық жаңаланды. Пеш орнатылып, батареялар тазаланды. 15 қарашаға дейін 25 үй дайын болады, – дейді мердігер компанияның өкілі.

Оқырмандарға жеткізген қуанышты жаңалығымыз ертең орындалмай қалып, біздің де ұятты болғымыз келмейді. «Уәде орындалуымен құнды» дегендей,  жоспардың уақытында бітетін, бітпейтінін қала әкімінен тағы бір рет сұрап едік. Жыл соңына дейін 97 үй толық бітіп, баспанаға зәру отбасылар үйлі болатынын нық сеніммен жеткізді. Сол қуанышты күндерде кездесейік.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Еден жуушы, электрик және күзетшінің жалақысы екі есе өсті – Үкімет

Еден жуушы, электрик және күзетшінің жалақысы екі есе өсті – Үкімет

17.06.2025
Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

17.06.2025
Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.