Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады

03.02.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді.       

Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.

– Бұл құжат — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтайдың құрылуы партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін жаңа деңгейде қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық — табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», – деп атап өтті С. Егізбаев.

Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша жарыссөздер жүргізіліп, спикерлер өз тұжырымдарын ортаға салды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бір палаталы модель бюрократиялық кедергілерді жойып, билік тетіктерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

Партия ардагері Мынаутаубиік Әнесов Ата заңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен «Дін мемлекеттен бөлек» қағидатының нақтылануын жоғары бағалады.

«Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды қорғаудың құқықтық кепілі болмақ, – деді ол өз сөзінде.

Түркістан облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты  Нұржан Әжіметов пропорционалды сайлау жүйесі партиялық жауапкершілікті арттыратынын, ал вице-президент лауазымы мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ететінін жеткізді.

Саяси кеңес мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина заң шығару бастамасына ие болатын Халық кеңесінің рөлін ерекше атады. Ол бұл институтты билік пен қоғам арасындағы, әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді «алтын көпір» деп сипаттады.

Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа реформаның халықтық сипатына  тоқталды. Ол Президенттің Конституциялық реформаны жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасын демократияның ең жоғарғы көрінісі деп атады. Сондай-ақ, Конституцияның жаңа редакциясында биліктің бірден-бір бастауы халық екені нақты бекітіледі. Референдум арқылы әрбір азамат мемлекет тағдырына тікелей ықпал ететін белсенді қатысушыға айналады. Бұл — билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын әділетті жол екенін атап өтті.

Қостанай облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Динара Ахметова әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталуының маңыздылығын атап өтіп, мұны ауыл лидерлері үшін нақты «әлеуметтік лифт» деп бағалады.

Жиын соңында «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы мен партияластарға ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге, оны жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруға және шындыққа жанаспайтын арандатушылық жарияланымдардың жетегінде кетпеуге шақыратын Үндеу қабылдады.

«Ауыл» партиясының Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026
«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

03.02.2026
«Айналайын» тәрбиеленушілері кәсіби спортшылардан сабақ алды

«Айналайын» тәрбиеленушілері кәсіби спортшылардан сабақ алды

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.