Биыл Алакөл ауданындағы бірнеше елді мекенде ауызсу мәселесі оңтайлы шешілуде.
Екпінді ауылына ауызсу тарту жүйелерінің құрылыс жұмысы таныстырылды. Аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар бөлімі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының басшысы Алмас Жұмабековтың мәлімдеуінше, ауданда бүгінгі күні ауызсумен қамту көрсеткіші 85 пайызды құрайды. Биыл Екпінді ауылының тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізбек. Одан бөлек, жоспарда Тоқжайлау, Лепсі ауылдық округінің ауылдарын ауызсумен қамту жұмыстары бар. Сондай-ақ, биыл Сапақ ауылдық округіне қарасты Бибақан ауылына ауызсу жүйесі тартылып, ел игілігіне берілгенін айтып өту керек.
Аталмыш жүйелі жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын тауып, аудан бойынша сумен қамту көрсеткішін 90 пайызға көтеру жоспарлануда.