Талдықорған: +11°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Ажырасу неге азаймай тұр?

16.07.2025
ӘЛЕУМЕТ
Ажырасу неге азаймай тұр?

chatgpt.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан ажырасу саны бойынша 2023 жылы әлемде екінші орында болған екен. Бұл туралы Petrelli Previtera зерттеу ұйымы жариялады. Аталмыш дерек саналы адамның санасына салмақ салар дүние. Статистика бойынша, әр үшінші неке сәтсіз аяқталып, жас отбасылардың өмірі ажырасумен түйінделеді. Оның артында тек жастар мен балалардың тағыдыры ғана емес, елдің ертеңі де тұрғанын естен шығармау керек. Бұл мәселе қоғамның тұрақтылығына, демографияға, балалар тағдырына тікелей әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Мәселенің астарына үңіліп, ресми мәліметтер мен сарапшылар пікіріне сүйене отырып, Қазақстандағы қазіргі отбасы институтының жағдайына шолу жасадық. Олай болса, төмендегі санға көз жүгіртіңіз.

2024 жылғы статистика: неке көбейгенімен, ажырасу азаймай тұр

Былтыр Қазақстанда барлығы 123,6 мың неке тіркелді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2% көп. Некелесудің жалпы коэффициенті – 6,13 (1000 адамға шаққанда). Некеге тұру көрсеткіші ең жоғары өңір – Астана (7,34), ал ең төмені – Батыс Қазақстан облысы (5,58).

Сонымен қатар, 2024 жылы елімізде 40,5 мың ажырасу тіркелді. Ажырасудың жалпы коэффициенті – 2,01. Қалалық жерлерде 74,4% ажырасу болса, ауылдық жерде бұл көрсеткіш – 25,6%.

Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО (3,12), Қарағанды (3,11) және Павлодар (3,09) облыстарында тіркелген. Ал Түркістан облысы ең төмен көрсеткішпен (0,90) ерекшеленіп отыр.

Бір жылдан кейін ажырасатындар да көп

Неке ұзақтығы бойынша 2024 жылғы ажырасулардың:

  • 35%-ы – 1-4 жыл бірге тұрған отбасылар;

  • 25%-ы – 5-9 жыл аралығында;

  • 8%-ы – 1 жыл толмай жатып ажырасқандар.

Бұл деректер отбасылық өмірдің алғашқы жылдары ең сындарлы кезең екенін көрсетеді.

Жетісу облысындағы жағдай қандай?

2024 жылы Жетісу облысында 4500-ден астам неке тіркелсе, соның шамамен 1200-і ажырасумен аяқталған. Бұл – шамамен әр төртінші неке сәтсіздікке ұшырағанын білдіреді. Ажырасу себептерін қарастырғанда, аймақта да республикаға тән негізгі мәселелер алға шығады:

  • материалдық қиындықтар,

  • ата-ененің араласуы,

  • отбасылық зорлық-зомбылық,

  • бедеулік,

  • бір-бірін түсінбеу.

Психологтар мен неке тіркеу мамандарының айтуынша, жастар көбіне отбасылық өмірге дайын емес күйде некеге тұрады. Некеге тұрғандардың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас.

Ажырасу себебі – тек мінез үйлеспеушіліктен емес

АХАТ органдары ұсынған деректер бойынша, ажырасуға өтініш бергендердің басым бөлігі себеп ретінде “мінездерінің сәйкес келмеуін” көрсеткен. «Бұл жалпылама ұғымның астарында көптеген нақты себептер бар», — дейді сарапшы Шынар Төлешова. Ол:

“Мінездің үйлеспеуі – тұрмыстық, қаржылық мәселелер, балалы бола алмау, бала тәрбиесіне қатысты көзқарастардың әртүрлілігі, бір-бірін түсіне алмау, опасыздық, тәуелділік (ішімдік, құмар ойын, нашақорлық) және отбасылық зорлық-зомбылық сияқты нақты себептерге байланысты айтылады.”

Материалдық қиындық – басты себеп пе?

Жас отбасылардың көпшілігі үйлену тойын жасау үшін несие алады. Тойдан кейінгі несиені төлеу, пәтер жалдау, сәбидің дүниеге келуімен шығынның артуы – барлығы отбасылық қарым-қатынасты күрделендіреді. Туыстар араласқан сайын жағдай ушықпаса, жеңілдемейді.

Өмірлік тәжірибеде кездескен жағдайлар көрсеткендей, көптеген отбасы баспа жоқтықтан, реніштің көбейгенінен және отбасындағы рөлдерінің төмендігінен ажырасуды жөн көреді.

Бейсен Құранбектің отбасылық өмір жайлы 7 қағидасы

Белгілі журналист Бейсен Құранбек кезінде отбасылық бақытты сақтаудың қарапайым әрі әсерлі жолдарын бөліскен еді. Оның 7 қағидасы бүгінгі жас отбасылар үшін де маңызды:

  1. Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғанмын. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;
  2. Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;
  3. Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
  4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
  5. Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;
  6. Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен «Қайда жүрсің қаңғырып?» деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
  7. Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.

Бұл ұстанымдар жас шаңырақтарға бағыт беріп, дағдарыстан өтуге көмектесе алатыны сөзсіз.

Қарапайым ауылдан тәрбие алып, қазіргі уақытта қалада тұрып жатқан Ұлан Нұржанұлы қазіргі жастардың отбасын кеш құруы мен материалдық жағдайды бірінші орынға қоюын сынай отырып былай дейді:

“Көбі алдымен жағдайымды жасап алайын дейді, бірақ бірге жеткен бақыт қана баянды болады. Кейде денсаулықты күту де маңызды – көп отбасылар балалы бола алмай ажырасып кетіп жатады. Сабыр мен сенім – отбасының негізі.”

Отбасыны сақтау – үлкен жауапкершілік

Ажырасу – тек әлеуметтік құбылыс емес, әр адамның, әр баланың тағдыры. Мемлекет ажырасу себептерін жоюға арналған бағдарламалар қабылдап, отбасы институтын нығайтуға тырысуда. Дегенмен, қоғамдағы әрбір жас отбасы өз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырмайынша, бұл мәселе шешілмейді.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.