Талдықорған: +14°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері қандай?

17.12.2025
ӘЛЕУМЕТ
Бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері қандай?

Коллаж: zhaikpress.kz

WhatsAppTelegramFacebook

2025 жылы Қазақстанда бала босану және баланы бір жарым жасқа толғанға дейін күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді 535,4 мың адам алды. Төлемдердің жалпы көлемі 749 миллиард теңге болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны 312,2 мың адам алды. Бұл мақсатқа 56,4 миллиард теңге бөлінген. Тек қараша айында 26,1 мың адамға 4,8 миллиард теңге төленген.

Аталған жәрдемақы бала туған, асырап алған немесе қамқоршылыққа алған Қазақстан азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге тағайындалады.

Жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты есептеледі:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК (149 416 теңге);
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (247 716 теңге).

Бала күтіміне арналған жәрдемақы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы төленеді. 2025 жылдың басынан бері бұл төлемді орта есеппен 125 мың адам алып, жалпы сомасы 40,2 миллиард теңге болды. Қарашада 127,8 мың адамға 3,7 миллиард теңге төленген.

Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК (22 648 теңге);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (26 777 теңге);
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (30 866 теңге);
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (34 995 теңге).

2025 жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы 6,5 пайызға индекстелді.

Жұмыс істейтін ата-аналарға арналған әлеуметтік төлемдер

Жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы орташа табысқа және декреттік демалыс күндерінің санына байланысты есептеледі.

Жыл басынан бері мұндай төлемді 187,2 мың адам алып, жалпы сомасы 260 миллиард теңге болған. Қарашада 15,3 мың адамға 14,6 миллиард теңге төленді. 11 айдағы орташа төлем мөлшері – 1,43 миллион теңге.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын табысынан айырылу жағдайы бойынша төлем қарастырылған. Бұл төлем соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Егіз немесе одан көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке төленеді.

2025 жылдың 11 айында бұл төлем 223,2 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 392,4 миллиард теңгеге жетті. Қарашада 14,9 мың алушыға 33,8 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 86 221 теңге.

Қатысты жаңалықтар

Халықтың әл-ауқаты басты назарда: 2026 жылы табыс қалай өзгереді?

Халықтың әл-ауқаты басты назарда: 2026 жылы табыс қалай өзгереді?

09.04.2026
Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.