Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Биыл Жетісу облысында кәмелетке толмай бала көтергендер саны 105-ке жеткен

21.10.2024
ӘЛЕУМЕТ
Биыл Жетісу облысында кәмелетке толмай бала көтергендер саны 105-ке жеткен
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы Жетісу облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды.

Елімізде 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылмақшы.  Мақсат – отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Аймақ әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтың төрағалығымен өткен жиында Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында аталмыш мәселе төңірегінде атқарылған жұмыстар сараланды. Әлеуметтік маңызы бар жобалар талқыланды.

Отан отбасынан басталады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ҚР Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселе бойынша ұлттық комиссиясы құрылған. Стратегиялық жоспарға сай  жүйелі жұмыс атқаруда.  Облыс  әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия  3 сұрақ төңірегінде әңгіме қозғады.  Қоғамды алаңдатып тұрған мәселе ерте жүктілік.  Былтыр аймақта 91 жасөспірім қыз жүкті болса, биыл кәмелетке толмай бала көтергендердің саны 105-ке жеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, комиссия мүшесі Жанетта Нұрманбетованың айтуынша, жүкті болған жасөспірімдердің  69-ы босанған.   Денсаулық саласының  16 мекемесінде  «ашық есік» күндерін,  26 семинар-тренинг, 12 конференция өткізген. Басым бөлігінде ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық, жыныстық инфекциялар туралы мәлімет беріліпті. Бірақ, мамандардың жас қыздарға жыныстық қатынас туралы ашық әңгіме айтып, тыйым  салуға  құқығы жоқ. Білім саласындағылар да жыныстық қатынас жөнінде лекция оқуға ата-аналардың қарсылық білдіргенін айтты.   Мамандар жасөспірімдерге  астарлап ақыл айтудан аса алмайды.

Аймақтағы 314 мектептің барлығында медбике бар. Айта кетерлік жайт, облыста  жасөспірімдер гинекологі жетіспейді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ахметова жасөспірімдер тәрбиесіне  «Әкелер одағы» өз үлесін қоса бастағанын айтты.  Бүгінгі таңда мектепте өтетін ата-ана жиналысына әкелер келсін деген талап қойылуда. Бала тәрбиесінде әкелердің рөлі зор.  Олардың «тәйт» деген  бірауыз сөзі баланы  жөнге салады. Жиында мамандар ерте жүктіліктің зиянын қыздарға ғана түсіндірмей, ұлдардың да жауапкершілігін арттыру керектігі жөнінде айтты. Аймақта  бұл бастаманы «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын қолға алыпты. Қазір ол аудан-қалаларда бөлімдерін ашып, жұмыстар жүзгізуде.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аймақта 333 мың 200-ден астам әйел бар. Комиссия отбасылық, гендерлік саясат тұжырымдамасы шеңберінде бірнеше мәселені талқылады. Жауапты мекемелер өз ұсыныстарын айтып, шешу жолдарын ұсынды. Өңірде «Жанұя» отбасын қолдау орталықтары ірге көтеруде. Олардың жұмыс жоспары сараланды.

Жиында Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Бір әттеген-айы жұмыстары мардымсыз, ақпарлары «сұйық» көрінді. Комиссия төрағасы Диас Есдәулетов оларға ескерту жасап, нақты іс-шаралар жүргізуді тапсырды.

Гүлжан Тұрсын
Фото: kolobok.ua 

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.