Талдықорған: +24°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Елбасы жолы — жастарға үлгі

17.06.2018
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Халқының жартысына жуығы ауыл-селода тұратын Қазақстан Республикасы үшін аграрлық саланың дамуының, білім мен ғылымның алар орны ерекше. Мамандардың пайымдауынша, ауылшаруашылығы саласын бәсекелік қабілеті жоғары деңгейге көтере алсақ, ең дамыған елдердің қатарынан көріну мүмкіндігіне ие боламыз.

Қазақстанның аграрлық экономикасын, білімі мен ғылымын заманауи талапқа сай түлетудің өзекжарды міндеттері Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жан-жақты тиянақталса, одан кейін көтерілген «Бес әлеуметтік бастамасында» қарастырылған білім алушы жастарды қолдау саясаты да бұл үдеріске серпін берері сөзсіз.
Президенттік стратегия мен жобаларды жүзеге асырудың алдыңғы шебінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті келе жатыр. Оның  жетістіктері баршаға аян. Аталған оқу орнын мыңдаған түлектер бітіріп шығып, агроөнеркәсіп саласының өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты. Биылғы Жолдаудағы: «…аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек. Олар диплом беріп қана қоймай, ауылшаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды даярлауға тиіс» – деген жолдар оқу орны басшылығы мен ұжымын тың ізденістерге жетелейді. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, ұстаздармен, студент жастармен ақылдаса келе, болашақ мамандардың санасын жаңғыртатын, яғни бәсекелік қабілетін, прагматизмін арттыратын, білімнің салтанаты мен сананың ашықтығын қамтамасыз ететін ең пәрменді іс-шара тұңғыш Президентіміздің қайраткерлігін, мемлекеттік қызметін, Қазақстан жолын жүйелі насихаттау әрі зерделеу деп ұйғарылды. Сонымен, қызу жұмыс басталып кетті. Университетте түрлі қоғамдық бірлестіктер мен клубтар бұрыннан жұмыс істейтін. Мәселен, 2004 жылы Қазақстан ЖОО-ларында тұңғыш рет «Достық» студенттік ассамблеясы құрылған еді. Ассамблея құрылған күннен бастап республиканың қоғамдық-мәдени өміріне, рухани тыныс-тіршілігіне белсене араласып келеді. 2006 жылы ассамблея мүшелері Астана қаласында өткен республикалық жастар форумына қатысты. 2008 жылы университеттің көшбасшы студенттерінің бірі, ассамблея мүшесі Айсят Балаева Қазақстандағы гендерлік саясат мәселелері бойынша Елбасы  Н. Назарбаевпен болған кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық университеті студенттері атынан қатысу құрметіне ие болды. Ол осы кездесуде университеттің тәрбие саласындағы тәжірибесі туралы айтып берді. 2010 жылдың мамыр айында «Достық» студенттік ассамблеясы университеттің 80 жылдығына орай «Наурыз бен Масленица» деп аталатын ертегі-спектаклін сахналады. Бұл шараның басты идеясы –  әртүрлі ұлттың  салт-дәстүрі мен дініне қарамастан өзара тату болуының маңызын және этносаралық достастықты насихаттау. 
Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтардың өкілдері қатысып, студенттеріміздің өнеріне ризашылық білдірді. 2012 жылдың 27 сәуірінде Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясына біздің «Достық» студенттік ассамлеясының белсенді мүшелері, университет студенттері Зарина Талуенко, Зулихан Каримова, Оксана Гефт қатысты. Осы сессия жұмысы барысында Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен «Қазақстан халқы Ассамлеясының Қоры» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Одан бөлек,  Б. Римова атындағы «Әдеп» клубы, О. Сүлейменов музейі жастар руханиятына жағымды реңк беріп, жан дүниелерін байытуда.
Міне, осылардың бәрінің жұмысын орталықтандыру үшін Елбасы мен Қазақстан жолын санаға сіңіруге қызмет ететін құрылымдық бөлімше құру қажеттігі күн өткен сайын білініп тұрды. Ізденіс зая кетпеді. Университет ректоры       Т. Есполовтың жан-жақты қолдауы арқасында «Н. Назарбаев білім және ғылым орталығы» дүниеге келді. 2-сәуір күнгі салтанатты ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г. Исимбаева, Г. Ықсанова, З. Аманжолова қатысқан орталық төрт бөлімнен тұрады. «Менің Президентім» залында «Бастау», «Құрышпен шыңдалған», «Саясат саңлағы», «Сын сағаты», «Астана – тәуелсіздік мақтанышы», «Бірлік пен келісім», «Руханият», «Қазақстан және әлем», «Ұлы күн» стенділері қойылған. 100-ге жуық құжаттар, жәдігерлер, фотоматериалдар, кітаптар, газет мақалалары Шамалғандағы қоржын үйде тұрып, Қаскелеңдегі шағын ғана мектептен түлеп ұшқан қарапайым қазақ баласының әлем таныған тұлғаға айналғанын қысқа да нұсқа түрде баяндайды. «Менің университетім» залындағы 50-ге жуық жәдігер ҚазҰАУ тарихынан хабар береді. Мұнда келгендер оқу орны базасындағы Агротехнологиялық Хаб құрамына кіретін Қазақстан – Жапон, Қазақстан – Беларусь агроинженерлік, Су, Тұрақты егін шаруашылығы, Агроөнеркәсіптік кешенге сандық технологияларды енгізумен айналысатын Ситуациялық орталықтармен, Инновациялық жылыжай, Коллекциялық бақ, «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлауға арналған оқу, ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысады. Одан кейінгі бөлмелерде орналасқан Елбасы кітапханасында 1000-ға жуық кітап, журналдар, олардың элек-             трондық нұсқасы шоғырланған. Университетте 20-дан астам ұлт өкілі білім алуда. Олардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, мәдениеті студенттердің «Достық» ассамблеясына арналған залда ұлықталған.
Ашылғаннан бері өткен екі айдан астам уақыт ішінде орталықты университет студенттерінен басқа оқушылар, зиялы қауым өкілдері, алматылық қонақтар тамашалады. Құрметті қонақтардың ішінде Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Елбасы кітапханасы директорының орынбасарлары                  Ә. Рахымжанов пен К. Ақтаева болғанын мақтан етеміз. «20 мың шақырымдық сапар бірінші қадамнан басталады», – дейді қытай нақылы. Орталық алғашқы қадамдарын жасауда. Ол Елбасы бастамаларын, университет болашағын ұлықтауға, Рухани жаңғыруға олжа салуда.

 Ханкелді Әбжанов,
ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҰҒА академигі

Қатысты жаңалықтар

ТЖМ балалар қауіпсіздігі үшін дрондарды іске қосты

ТЖМ балалар қауіпсіздігі үшін дрондарды іске қосты

08.04.2026
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

08.04.2026
Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

08.04.2026
SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

08.04.2026
Психологтар бақылауға алынады: Жаңа заң несімен ерекшеленбек?

Психологтар бақылауға алынады: Жаңа заң несімен ерекшеленбек?

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.