Талдықорған: -7°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

HOME CREDIT BANK ЖАҢА ҚОСЫМШАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ. ҮШ РЕТ ДЕПОЗИТ АШУҒА, НЕСИЕ АЛУҒА БОЛАДЫ

24.06.2024
ӘЛЕУМЕТ
HOME CREDIT BANK ЖАҢА ҚОСЫМШАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ. ҮШ РЕТ ДЕПОЗИТ АШУҒА, НЕСИЕ АЛУҒА БОЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар үйінен шықпай-ақ, жаңа қосымша арқылы ақшаларын лезде аударады, қауіпсіз жерде сақтай алады және қаржыға қатысты түрлі кеңес алады. Банк өкілдері қолданбасын Алматыдағы Event Space-те өткен іс-шарасында таныстырды. 


Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, Home.kz қосымшасының жаңа нұсқасы ерекше әдіс арқылы жасалды. Қосымша іске қосылмас бұрын оны қарапайым қолданушылар мен банк қызметкерлері тестілеп, өзінің сын-пікірін айтқан. Қосымшаны әзірлегендер ол адамдарға ыңғайлы болуы үшін 1000-нан астам рет өзгерткен. Қосымшаны жасауға жалпы төрт ай кеткен. Сол себепті де банк “Болашақты бірге құрамыз” деген тіркесті ұраны еткен. 

«Біздің мобайл қосымшамызды қолданатындардың саны күннен-күнге артып келеді. Пайдаланушыларымыз транзакцияларды тез әрі жеңіл жасай алуы үшін қосымшамызды жаңарттық, сонымен бірге заманауи стек пен микрожүйе архитектурасы арқылы жаңа Home.kz мобайл банкін әзірледік. Home.kz біздің клиенттер үшін пайдалы және сенімді қаржы құралы болады деп үміттенеміз, өйткені қосымша оларға жеке мақсаттарына жетуге көмектесу үшін жасалған”, – дейді Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Банк жаңа қосымшасын іске қоспас бұрын оны 9000 адам тестілеп көрген. Соның бірі – 22 жастағы Захар Маркелов. Өзінің айтуына қарағанда, Home Credit Bank картасы мен қосымшасын қолданып жүргеніне бір жыл болды. Ол қосымшаның осы күнге дейін болған ыңғайсыз тұстарын айтып, оны жақсартуға көмектескен. 

Шыны керек, қосымшаның бұрынғы нұсқасы өте қарабайыр болды. Транзакциялар да кесте-кесте болып тұратын, ақша да сәл баяу аударылатын. Мәселен, дүкенде бір зат сатып алып, төлейін десең, 30 секундтай күтіп тұруың керек. Бұл уақытыңды алатын және ыңғайсыз еді. Жаңа қосымшаны тестілегенде осының бәрін айттым. Банк бәрін ескерді. Қазіргі жаңа қосымша жақсарған. Екі секундта қаражатыңызды қалаған жеріңізге аударуға болады. Сосын бұрын ақша аудару үшін қосымшаның бір бетінен екінші бетіне кіріп, іздеп отыру керек еді. Қазір сондай қадамдардың санын қысқартыпты. Шұғыл аударатын кезде қосымшаның ішін парақтап отырудың қажеті жоқ”, – дейді Захар Маркелов. 

Захар Маркелов. Фото: Home Credit Bank/Таир Жаканов

Банк өкілдерінің және оны тестілеп көргендердің айтуынша, жаңа қосымшаның бірқатар артықшылығы бар.

Қосымшаға тіркелу оңай 

Home.kz қосымшасына тіркелу оп-оңай. Қолданушы телефон нөмірі және ЖСН нөмірі арқылы ғана тіркеледі. Оған қоса қолданушы өзі екенін растау үшін құжаттарын немесе оның көшірмесін суретке түсіріп дәлелдеп отырмайды. Барлық құжат мемлекеттік базадан автомат түрде алынады. Банк қосымшаға қоятын құпиясөзді де барынша қысқа етіп жасаған. Ал қысқа құпиясөзді адам тез есінде сақтап қалады.

Интерфейсі ыңғайлы

Жаңа қосымшаның интерфейсінің дизайны “минимализм” стилінде жасалған. Онда банк қызметтері өте жинақы орнастырылған және жылы түстер таңдалған. Мұндай интерфейс көзге тартымды әрі оны қолдану жеңіл. Себебі адам өзіне қажет қызмет түрін тез таба алады. Сонымен бірге енді адам қосымшаның басты бетіне өзіне қажет қызмет түрлерін шығарып қоюына болады. Ал көп қолданбайтынын алып тастауға мүмкіндігі бар. Қолданушы интерфейс түсін де өзгерте алады. Бұл көзі нашар көретін азаматтарға ыңғайлы.

Ақшаны тез аударуға болады

Енді адам шотындағы ақшаны қосымша арқылы бұрынғыдан да тез аудара алады. Оған қоса ақшасын жиі аударатын жақындарының нөмірі сақталып, көзге көрінетін жерде тұрады. Ал басқа банк картасына қаражат аудару үшін банк картасының нөмірін қайта-қайта теріп отырмайды. Бір рет жазып қойса, қосымшада сақталып тұрады. 

Үш рет қана басып депозит ашуға, несие алуға болады 

Жаңа қосымшада үш рет қана басып, депозит ашуға, несие алуға мүмкіндік бар. Қосымшадағы калькулятор есептеп, қолданушыға ыңғайлы депозит түрін таңдап береді. Ал несие алғысы келетіндер қосымшаға түрлі соманы жазып, банктың қанша қарыз бере алатынын тексеріп отырмайды. Себебі қосымшадан бірден банктың адамға қанша соммаға дейін несие бере алатыны шығады. Банк қолданушыға несие беруден бас тартса, не үшін бермегенін түсіндіріп береді және несие тарихын жақсартуға қатысты кеңесін бөліседі. Бұған қоса жаңа қосымшада инвестиция, қаржы сауатына да қатысты пайдалы ақпарат бар.

Цифрлық құжаттар бар 

Қолданушы қосымшадан күнделікті өмірде қажет болатын құжаттарының цифрлық нұсқасын ала алады. Енді мемлекеттік базаға кіріп жүрудің, құжаттың қағаз нұсқасын арқалап жүрудің қажеті жоқ. Адам тек жеке куәлігі мен паспортын ғана емес, зейнетақы жарнасы, көлік жүргізушісі куәлігін, біліміне, отбасына қатысты құжаттарды алуға мүмкіндігі бар. 

Қаржыға қатысты операциялар туралы толық есеп алады

Жаңа Home.kz қосымшасы арқылы клиенттер өздерінің қаржы операциялары туралы толық есеп алады. Қолданушы арнайы сүзгі арқылы кез келген транзакциясын оңай табады. Тіпті бұрын жасаған аударымының чегін ала алады. Сондай-ақ әр транзакциядан түскен бонустарын нақты көріп отырады. 

Home.kz қосымшасын тек банк клиенті ғана емес, басқалар да және шетел азаматтары да қолдана алады.

Қатысты жаңалықтар

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.