Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Көлік апатынан кімдер құтқарады?

11.09.2017
ӘЛЕУМЕТ
Көлік апатынан кімдер құтқарады?
WhatsAppTelegramFacebook

Беймәлім қырлары көп мамандықтардың бірі – жедел  құтқарушылардың жұмысы. Өмір мен өлімнің арасында жатқан адамды ажалдан арашалап, темір құрсаудан аршып алатын қызметкерлердің әр күні қорқынышты. Кейде жол апатынан жаншылған шалажансар денені  көтеруге  тура келеді. Осыған орай жедел құтқару жасағының мамандарымен сөйлесіп, жұмыстың жай-жапсарын анықтап, біз білмейтін қырларын тарқатып беруді жөн көрдік.

Жедел құтқару жасағының мекемесіне келдік. Аулада оқтай тізілген қарауыл. Рұқсатымызды алып ішке ендік. Кіре берістегі шағын ғана мекемеде кезекші диспетчер бөлімшесі орналасқан. Тынымсыз қоңырауға жауап қатып жатқан кезекші қызметкерді алғашында көлік апатын тіркеп жатыр ма деп ойлап қалғанымыз бар. Сөйтсек олай емес, басқа да төтенше жағдайларды қабылдап құтқарушыларды жіберіп отырады екен. Мекеменің ауласында үлкен ашық жаттығу алаңы бар. Арнайы киім киген сарбаздар жаттығу үстінде. Бір байқағаным, сарбаздардың барлығының дене бітімі мығым, тарамыстай тартылған, тепсе темір үзетін жігіттер. Иә, нағыз құтқарушылар екені көрініп тұр. Сол жерде көлік апатынан құтқарушылардың арнайы базасы орналасқан. Басшылардың рұқсатымен облыстық төтенше жағдайлар департаменті, жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесіндегі кезекшілік диспетчер бөлімшесінің бастығы Жәнібек Әубәкіровпен жолықтық. Ол бізді жылы қарсы алып, жұмыс кеңсесіне алып барды. 
Сауалымыздың негізгі ауаны көлік апаты қызметкерлерінің жұмысы жайлы, жалпы төтенше жағдай туындағанда атқарылатын қызметтер турасында өрбіді. Ағамыз бір күрсініп алды да, әңгімесін бастады. 
– Мен 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысқа кірдім. Сізбен осы жылға дейінгі аралықтағы тәжірибеммен бөлісейін. Құтқарушы жұмысқа қабылданар алдында адамның физикалық дайындығымен қоса психологиялық тест тапсырады. Психологиялық тест – ең маңыздысы. Өйткені, жұмыс барысында адам өлімін жиі көреміз. Тіпті, көліктердің қатты қақтығысынан бөлшекке бөлініп қалған адамдардың денесін алып шығуға тура келеді. Бұған әркімнің ерік-жігері жете бермейтіні анық. Содан кейін Талдықорғандағы медициналық колледжден алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шараларын үйреніп, арнайы оқу- жаттығулар өтіп, «парамедик» деген сертификат алады. Тізе берсем, көлік апатынан құтқарушылардың беймәлім қырлары көп. 
Кезекшілікке жеті адамнан түседі. Олардың біреуі міндетті түрде мекемеде қалады. Қалғандары кез келген уақытта шығып кетуі үшін сақадай сай жүруі керек. Төтенше жағдай орын алған жерге жылдам аттану үшін көлікте керекті құрал-жабдықтар дайын тұрады. Шақыру алдымен департаментке келіп түседі. Одан кейін кезекші бөлімге хабарлайды. Кезекші бөлімнің дабылымен құтқарушылар жылдам киініп, үш минуттың ішінде мекемеден шығып кетуі тиіс. 
– Оқиға орнына жеттік дейік. Мұнда біздің бірінші міндетіміз – адамдарды аман алып шығу. Бірақ бара сала саймандарды алып, баса – көктеп көлікті кескілемейміз. Алдымен құрал-жабдықтарға қысым беретін арнайы сорғышты оқиға апаты орын алған жерден 10-15 метр яғни, қауіпсіз жерге орнатамыз. Автокөліктер соғылған жерге жету үшін шлангтар тартылады. Әрбір кезекшілікте бір басшы болады. Құтқарушылар құрал-жабдықтарды орнатып жатқанда, ол адамдарды аман алып қалудың жылдам жолын анықтап, жұмысты қай жерден және қалай бастау керектігін айтады. Біз жылдам іске кірісеміз.
Егер екі көлік бетпе-бет соқтығысса алдындағы екі адамды міндетті түрде рөл мен панель қысып қалатын көрінеді. Ондай кезде жүк көтергіші 16 және   8 тонналық екі  гидравликалық домкрат жұмылдырылады. Домкрат көлік есігінің бұрышына қойылады. Сосын панельді итеріп, адамдарды алып шығу әрекеті басталады. Көлікті жанынан соққан жағдайда міндетті түрде төрт есік те ашылмай қалады. Осы кезде теміркескіш қайшылармен көліктің төбесі сегіз жерден кесіледі. Адамдарды алып шыққаннан кейін жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. 
Біздің мақаламызға арқау болған мәлім де беймәлім қырлар маман сөзімен тарқатыла түсті. Мәлімі – көлік апатынан адамдарды құтқару болса, беймәлімі – құтқарудың да өзіндік әдіс тәсілдері болатындығы. Құтқарушылардың дәрігерлік көмек көрсететіні де бізге белгісіз қырлары. Иә, өз өмірлеріне қауіп төнсе де халқы үшін бастарын бәйгеге тіккендер нағыз ержүрек, қайсар жандар. Осы орайда біз ағамыздан жұмыс барысындағы басынан өткен ерліктерін айтып беруін сұрадық. 
– Ерлік деуге келмес. Өйткені, бұл біздің міндетіміз. Әйтсе де басымнан өткен оқиғаны баяндап берейін. Жаз айы. Мекемеге Талдықорған – Текелі тас жолында «Ауди» мен «Мазда» маркалы автокөлік соқтығысты деген хабар келіп түсті. Жедел аттандық. Екі машинада да төрт адамнан. Біз жеткен кезде жедел жәрдем екі адамды алып кетіпті. Біз қалған алты адамды шығардық. Есіктерінің барлығын ашуға мүмкіндік болмады. Барынша жылдам көмек көрсеттік. Жоғары жылдамдықта келіп соқтығысқандығы сонша, «Мазда» маркалы автокөлігіндегі адамдар артқы орындықтың астына жиналып қалған. Сүйектерінің сау жері жоқ. «Ауди» автокөлігіндегі екі адам қатты жарақат алған.  Оларды алып шығып, медициналық көмек көрсетіп, дер кезінде ауруханаға жібердік. Текеліде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Біз оқиға орнына келіп адамдарды құтқарып алдық. Біреуінің аяғы ашық сынған, жарақаттанғандары да бар. Оларды алып шығып, жедел жәрдем келгенше алғашқы дәрігерлік көмек көрсеттік. 
Тағы бір айта кететін жайт, халық көбіне көлік апаты орын алса 112 нөміріне емес, алдымен жедел жәрдемге хабарласады. Содан кейін ғана құтқарушыларға қоңырау түседі. Сол себепті кейде құтқарушылар жай келді деп жатады. «Сондықтан алдымен бізге хабарлаңыздар. Егер жол апаты алыс жерлерде болған жағдайда ақ халатты жандарға бірінші хабарлағаны дұрыс. Өйткені, өте аз уақыттың ішінде ауыр жарақат алған жандарға көмек көрсетіп үлгере алмай қалуымыз мүмкін. Жол-көлік оқиғалары әрбір жолдың қауіпті учаскелерінде жол ережелерін сақтамай жылдамдықты арттырғанның, мас күйінде көлікке отырғанның салдарынан орын алады. Менің айтқым келгені, жүргізуші жылдамдыққа қойылған шектеулерді ескеріп жол ережесін сақтап жүрсе», – дейді Жәнібек. 
Иә, жол-көлік оқиғаларын көргенде не істерімізді білмей, бірінші жедел-жәрдемге хабарласуымыз мүмкін. Осының кесірінен құтқарушылардың жұмысы ұзаққа созылып жатады. Ал қақтығыс қаланың шетінде орын алса бірінші медицина қызметкерлеріне хабарласуды естен шығармайық. Мұны білу қарапайым халыққа да керек екені хақ. 

 

Адамға көмектесу – кісіліктің белгісі. Ал көлік апатына ұшыраған адамды мүмкіндігінше ажалдан аман алып қалу – құтқарушылардың жұмысы. Міне, ел амандығы үшін басын бәйгеге тіккен Жәнібек Әубәкіров бізге жедел құтқарушы мамандығының қыр-сырын кеңінен тарқатып берді. Біз де маманның істеген ісі мен берген жауабына ризалығымызды білдірдік.

 

Айдар ҚАЛИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.